Астанада жасөспірім қатарластарының көз алдында аяусыз соққыға жығылды

Фото: pexels
Астанада кәмелетке толмағандар қатысқан қатыгез оқиғаға байланысты тергеу жүргізілуде. Оқиға 10-11 маусым күндері қаланың ескі бөлігінде болған. Зардап шеккен балалардың ата-аналарының айтуынша, бір топ жасөспірім бірнеше балаға шабуыл жасаған, деп хабарлайды Zakon.kz.

Оқиғаға қатысты бейнежазба Instagram желісіндегі astanagramlive парақшасында жарияланды. Мәліметке сәйкес, ата-аналардың қолында жасөспірімдердің бірін соққыға жығу сәті түсірілген видео бар. Сондай-ақ жанжал салдарынан басқа да кәмелетке толмағандардың зардап шеккені айтылуда.

Ата-аналардың сөзінше, шабуыл кезінде кастет қолданылған болуы мүмкін. Алайда бұл ақпарат әзірге ресми түрде расталған жоқ. Зардап шеккендердің дене жарақаттары тіркеліп, кейіннен олардың заңды өкілдері құқық қорғау органдарына жүгінген.

Оқиғаға қатысты Астана қалалық Полиция департаменті түсініктеме берді.

"Оқиғаға қатысқан барлық жасөспірім анықталды. Олар бір-бірін бұрыннан таниды және Сарыарқа аудандық полиция басқармасына жеткізілді. Денсаулыққа қасақана зиян келтіру фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды", – деп хабарлады ведомство.

Айта кетейік, бұған дейін Астананың Сарыарқа ауданында бір топ жастың қатысуымен жаппай төбелес болғаны туралы ақпарат тараған еді.

Қазақстан
Астана

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

"Нөсер жаңбыр жауып, үсік жүреді". Еліміз бойынша 5 қарашаға арналған ауа райы болжамы

Ақтөбеде неке сарайында бұрынғы күйеуі пышақтап кеткен әйелдің екі баласы жетімдер үйіне орналастырылды

Павлодар облысында оқушы қыздар зорланған

5 қарашадағы Астана мен Алматыдағы айырбастау пункттеріндегі валюта бағамы

Мұғалімдерді бағалаудың жаңа өлшемі енгізіледі