Zeekr жүргізушісі Шығыс айналма автомобиль жолында жарыс ұйымдастырды ма: куәгер жауап берді

Фото: Zakon.kz
19 маусымда Алматы қаласының Мамандандырылған ауданаралық қылмыстық сотында жол-көлік оқиғасына қатысты іс бойынша куәгер Асет Жақсылықовтан жауап алынды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Куәгердің айтуынша, 20 наурыз күні сағат 23:00 шамасында ол Александр Пак кешкі ас ішіп отырған мейрамханаға келген. Кейін үйіне қайтып бара жатқанда Александр Пактың көлік жүргізіп келе жатқанын көрген. Сот процесіне қатысушыларды қызықтырған басты мәселе – олардың Шығыс айналма автомобиль жолында жарыс ұйымдастырған-ұйымдастырмағаны болды.

"Мен келген кезде үстелде төрт адам отырды, кейін тағы екі адам қосылды. Әңгімелесіп отырдық. Өзім газдалған сусынға тапсырыс бердім. Үстелде графиндер мен стақандар болды. Александрдың алкоголь ішкен-ішпегенін нақты айта алмаймын. Сағат 03:20 шамасында жігіттермен қоштасып, жолға шықтым. Сағатына 50-60 шақырым жылдамдықпен жүріп келе жаттым. Достық пен Қажымұқан көшелерінің қиылысында Александрдың Zeekr көлігін көрдім. Бағдаршамның қызыл түсі жанып тұрды, ол тоқтап тұрды. Жасыл жанған кезде жүріп кетті, бірақ мен сол жылдамдықпен оны басып оздым. Кейін оның әуелі сәл баяулағанын, артынша жылдамдығын арттырып, оза бастағанын байқадым. Мендіқұлов көшесіне жеткенде қатты шаң көтерілгенін көрдім. Сол сәтте қарсы бағыттағы жолақта Mercedes пен Zeekr көліктерінің қатысуымен болған жол апатын байқадым. Көлігімді Назарбаев даңғылына қалдырып, оқиға орнына жүгіріп бардым. Александрды көріп, көмек көрсете бастадым. Оның басы мен аяғы жарақаттанған еді. Бізге басқа куәгерлер де келді. Өз көлігіммен ауруханаға апарғым келген, бірақ жедел жәрдемнің келіп қалғанын көрдім. Александрды алып кеткен соң, оның қай ауруханаға жеткізілгенін анықтадым", – деді Асет Жақсылықов.

Жауап алу барысында куәгер қайғылы оқиға болған түні өзінің жеке шаруалары үшін қызметтік Hyundai Palisade автокөлігін пайдаланғанын, сондай-ақ жол қозғалысы ережелерін бұзып, қос тұтас сызықты кесіп өткенін мойындады.

Айта кетейік, Асет Жақсылықов басқа бір қылмыстық іс бойынша да күдікті болып табылады. Оған Қылмыстық кодекстің 370-бабы 4-бөлігі 1-тармағы бойынша ("Ауыр зардаптарға әкеп соққан қызметтік әрекетсіздік") айып тағылған.

Сондай-ақ 2026 жылғы 19 маусымда жол апатынан қаза тапқан Томирис Қыдырбектің әкесі Рүстембек Шотенов іс бойынша жәбірленуші ретінде танылып, сотта мәлімдеме жасады.

Осылайша, аталған іс бойынша куәгерлерден жауап алу аяқталды. Енді тараптардың сот жарыссөзі өтеді. Сол кезде мемлекеттік айыптаушы сотталушыға қандай жаза тағайындауды сұрайтынын жариялайды.

Қазақстан
Астана

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Мемлекеттік қызметшілерге сыйақы беру қағидалары өзгертілді

Астанада жалған нөмір таққан жүргізушілер жауапқа тартылды

Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясы 2026 жылғы 1 шілдеде күшіне енеді

Ер адам үш жасар баланы қолтырауын тұрған қоршауға лақтырып жіберді