Мемлекетке 1,2 млрд теңгеден астам шығын келтірген компания басшысы іздеуге жарияланды

Фото: АФМ РК
"Восток Инжиниринг" ЖШС-нің басшысы мемлекетке 1,2 млрд теңгеден астам шығын келтірді деген күдікпен іздеуге жарияланды, деп жазады Zakon.kz.

Қаржылық мониторинг агенттігінің мәліметінше, істі Шығыс Қазақстан облысы бойынша департамент тергеп жатыр. "Восток Инжиниринг" ЖШС 2020–2023 жылдар аралығында Шығыс Қазақстан және Абай облыстары аумағында салынған жеті әлеуметтік маңызы бар нысанның құрылысына техникалық қадағалау жүргізген.

Компанияның міндетіне құрылыс-монтаж жұмыстарының көлемін, сапасын және олардың жобалық-сметалық құжаттамаға сәйкестігін бақылау, сондай-ақ дене шынықтыру-сауықтыру кешендері, сумен жабдықтау және жағалауды бекіту нысандары бойынша нақты орындалған жұмыстарды растау кірген.

Алайда агенттік мәліметінше, көрсетілген қызметтер үшін ақы алғанына қарамастан, компания құрылыс жұмыстарына тиісті бақылау жүргізбеген.

Тергеу барысында кәсіпорын басшысының орындалған жұмыстар туралы актілерге нақты деректерге сәйкес келмейтін мәліметтерді енгізіп, қол қойғаны анықталған.

Тінту кезінде мөрлердің көшірмелері мен жалған актілер табылған. Алдын ала есеп бойынша мемлекетке келтірілген шығын көлемі 1,2 млрд теңгеден асқан.

Қазіргі уақытта ЖШС басшысы іздеуге жарияланды. Сот оған қатысты қамауда ұстау түріндегі бұлтартпау шарасына сырттай санкция берген.

ҚР Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабына сәйкес өзге мәліметтер жария етілмейді.

Айта кетейік, бұған дейін Алматы облысында жалған сүт өндіру мен салықтық заңбұзушылықтар арқылы шамамен 700 млн теңге заңсыз табыс тапқан әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорация басшысы сотталған болатын.

Қазақстан
Шымкент
Алматы
Астана

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясы 2026 жылғы 1 шілдеде күшіне енеді

Алматы мен Талдықорғанда қолайсыз метеорологиялық жағдай күтіледі

"Заң мен Тәртіп" қағидаты ұлтымыздың рухы мен дүниетанымына толық сай келеді – Тоқаев

Елді мекендердің бас жоспарларын бекіту қағидаларына өзгерістер енгізілді

"Болашақ" стипендиясы иегерлерінің тізімі жарияланды