Астанада университет қызметкері 18 талапкерді алдап, сотталды

Фото: freepik
Астанада жоғары оқу орындарының бірінде жұмыс істеген қызметкер талапкерлерді оқуға түсіремін деп алдап, сот үкімімен бас бостандығынан айырылды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Қала прокуратурасының 24 маусымда таратқан мәліметіне сәйкес, күдікті жалған мөрлер мен қолдан жасалған келісімшарттарды пайдаланып, 18 талапкерді жаңылыстырған.

Ол талапкерлерге университетке белгіленген тәртіптен тыс қабылдануға көмектесетінін айтып, әрқайсысынан 600 мыңнан 900 мың теңгеге дейін ақша алған.

Сот барысында мемлекеттік айыптаушы айыпталушының қызметтік жағдайын пайдалана отырып бірнеше рет алаяқтық жасағанын, сондай-ақ ресми құжаттарды қолдан жасап, жалған мөр дайындағанын дәлелдеді.

Сот үкімімен ол 3 жыл 6 ай мерзімге бас бостандығынан айырылды. Үкім заңды күшіне енді.

Сонымен қатар жәбірленушілерге келтірілген материалдық шығын толық өндірілді.

Прокуратура азаматтарды сақ болуға және оқу орындарына түсу кезінде тек ресми ақпарат көздеріне ғана жүгінуге шақырды.

Еске салайық, бұған дейін Қазақстан азаматының шетелге бірнеше тонна спиртті заңсыз алып шықпақ болғаны үшін сотталғаны хабарланған еді.

Қазақстан
Астана

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанның бірнеше өңірінде жаңбыр мен қар жауып, көктайғақ болады

Қарашада үш жұлдыз белгісінің өмірі түбегейлі өзгеруі мүмкін

Алматыда Меладзе концертіндегі жанжалға қатысқан әйелдер жазаланды

Қазақстан мен Тәжікстан 14 құжатқа қол қойды

Тоқаев пен Рахмон Бірлескен мәлімдеме қабылдады