Алматы облысындағы Қаскелең шатқалында тасыған өзен көпірді қиратты

Сурет: pixabay
2026 жылдың 1 шілдесінде Алматы облысындағы Қаскелең шатқалында нөсер жаңбырдан кейін тасып, қиқар мінезге мінген өзен жергілікті тұрғындардың өздері салған көпірді жартылай қиратты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Әлеуметтік желіде пайда болған видеода автор қазір өзеннен тек жаяу, онда да ескі көпір арқылы өтуге болатынын айтады, ал жаңасы қираған. Алматы облысының Төтенше жағдайлар департаментінің (ТЖД) баспасөз қызметі тауда болған қатты жауын-шашын салдарынан өзендегі су деңгейі күрт көтерілгенін нақтылайды.

"Қатты ағынның салдарынан экобекеттен шамамен 3 км қашықтықта орналасқан "Искра" бау-бақша қоғамына қарайғы кіреберіс жолда орналасқан көпір бүлінді. Көпір шамамен 30-ға жуық тұрғыны бар 16 тұрғын үй орналасқан бау-бақша қоғамының аумағымен көлік байланысын қамтамасыз етеді. Оның үстіне көпір мен кірме жол бау-бақша қоғамының мүлкі болып табылады және жергілікті атқарушы органның балансына жатпайды", делінген түсініктемеде.

Оқиға орнында жедел штаб ұйымдастырылды. Жедел әрекет ету үшін күштер мен құралдарды топтастыру толықтай дайындыққа келтірілді. Жағдай ТЖМ-нің тұрақты бақылауында.

"Жағдайды бағалау шаралары жүргізілуде, тұрғындардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету және қалпына келтіру жұмыстарының одан әрі тәртібін анықтау бойынша қажетті шаралар қабылдануда. Азаматтардан тыныштықты сақтау, жағдай тұрақтанғанға дейін осы ауданға барудан бас тарту және тек ресми көздерден алынған ақпаратқа сену сұралады. Қосымша ақпарат жаңа деректердің түсуіне қарай ұсынылатын болады", - деп толықтырды ТЖД.

Қарасай ауданының әкімдігі бау-бақша қоғамының аумағындағы кірме жол 2018-2019 жылдары тұрғындардың өз күшімен және өз қаражаттары есебінен салынғанын хабарлады.

Айта кетсек, Алматы облысында шайылу қаупіне байланысты Түрген өзені арқылы өтетін көпір жабылды.

Алматы облысы

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясы 2026 жылғы 1 шілдеде күшіне енеді

Қостанайда вагонның төбесіне шыққан жасөспірімді тоқ соқты

Конституциялық реформа жөніндегі комиссия құрамының тізімі жарияланды

Алматыда ауыр жол апаты болды. Адамдар зардап шегіп, жеке үй мен электр бағаны да бүлінді

Оралда Lada Priora көлігін ұрлап, қашқандар видеоға түсіп қалған