Жедел іс-шаралар барысында Instagram желісінде 150 мыңға жуық оқырманы бар жергілікті блогердің үш сыбайласымен бірге кәсіпкерлер мен мемлекеттік қызметшілерді әдейі бейнетаспаға түсіріп жүргені анықталды.
Олар қызметтік міндеттерін атқару барысында орын алды деп болжанған тәртіп бұзушылықтарды, сондай-ақ кәсіпкерлік қызметке қатысты болуы мүмкін заң бұзушылықтарды сылтау етіп, түрлі бейнематериалдар жинаған.
Кейін сол бейнежазбаларды әлеуметтік желіге жарияламау үшін азаматтардан ақша талап еткен.
Күдіктілер ұсталып, қамауға алынды. Қазіргі уақытта тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр.
Бұған дейін Тараз мен Алматыдағы ауқымды арнайы операция аясында ұйымдастырушы мен қылмыстық топ өкілдеріне үкім кесілгенін жазғанбыз.