Алматыда жантүршігерлік жол апаты орын алды: зардап шеккендер бар

Сурет: Zakon.kz
Алматы қаласында Саин көшесінде ірі жол-көлік оқиғасы болып, салдарынан бірнеше адам зардап шекті, деп хабарлайды Zakon.kz.

Алдын ала мәлімет бойынша, оңтүстік бағытта келе жатқан Toyota Estima маркалы минивэннің жүргізушісі жаңбыр кезінде көлікті басқара алмай қалған. Болжам бойынша, жол апатына жылдамдық режимін сақтамау себеп болған.

Сурет: Zakon.kz

Жүргізуші көлікті тізгіндей алмай, жол жиегіне шығып кеткен. Салдарынан жақында ғана орнатылған бордюрлерді қиратып, көлік бірнеше рет аударылып, ақыры бүйірімен тоқтаған.

Оқиға орнына жедел жәрдем қызметкерлері мен жол полициясының қызметкерлері келді.

Апат салдарынан жүргізуші мен үш жолаушы ауруханаға жеткізілді. Зардап шеккендердің бірінің аяғы ашық сынып, жағдайы ауыр екені белгілі болды.

Сурет: Zakon.kz

Қазіргі уақытта жол апатының барлық мән-жайын полиция қызметкерлері анықтап жатыр.

Бұған дейін Алматыда жедел жәрдем көлігі мен электрлі велосипед соқтығысып, бір адам қаза тапқанын жазғанбыз.

Қазақстан
Алматы

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Жаңа Конституцияға орай рақымшылық жарияланды: кімдер қылмыстық жауаптылықтан босатылады

2026 жылғы ауқымды рақымшылық – Тоқаев заңға қол қойды

Салық кодексіне жаңа түзетулер енгізілді

2026 жылдың шілдесінен бастап қазақстандықтардың өмірінде не өзгереді

Қазақстанның жаңа Конституциясының толық мәтіні жарияланды