Шымкентте индустриялық аймақта өрт шықты

Сурет: ҚР ТЖМ баспасөз қызметі
2026 жылғы 6 шілдеде Шымкент қаласының Еңбекші ауданындағы Қапал батыр көшесінде орналасқан "Ордабасы" индустриялық аймағында өрт шықты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Оқиға орнына алғашқы бөлімшелер жеткен кезде ескі жүк көліктерінің доңғалақтары мен құрғақ шөптің жанып жатқандығы анықталды. Өрт салдарынан шамамен 50 дана ескі автодоңғалақ және 200 шаршы метр құрғақ шөп жанып кетті.

Өртті сөндіруге Шымкент қаласы ТЖД бөлімшелері, Апаттар медицинасы орталығының бригадасы, "Ордабасы" ЖШС өртке қарсы қызметінің өкілдері және жергілікті атқарушы органдар жұмылдырылды.

Жұмылдырылған қызметтердің үйлесімді іс-қимылының нәтижесінде өрт толық сөндіріліп, жалынның одан әрі таралуына жол берілмеді.

Қаза тапқандар мен зардап шеккендер жоқ. Өрттің шығу себебі анықталуда.

Бұған дейін Алматы облысында құтқарушылар жеке тұрғын үй аумағынан жылан ұстап алғанын жазғанбыз.

Қазақстан
Шымкент

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

"Үсік жүреді". Еліміз бойынша 28 қыркүйекке арналған ауа райы болжамы

Тоқаев шахмат олимпиадасында күміс алған Қазақстан құрамасын құттықтады

Qazaqstan Media Awards аясында "Тұмар" және "Үркер" ұлттық байқауларына өтінім қабылдау басталды

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Енді жанармай сапасын бақылау үшін жанармай құю бекеттері күтпеген жерден тексерілуі мүмкін