Қазақстаннан 350 мың долларды заңсыз алып шықпақ болған шетелдік ұсталды

Сурет: gov.kz
Қазақстан Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметі шетелге қолма-қол ақшаны заңсыз алып шығу әрекеттерінің жолын кесу бойынша тұрақты жұмыс жүргізіп жатыр, деп хабарлайды Zakon.kz.

ҰҚК баспасөз қызметінің 2026 жылғы 9 шілдеде мәлім еткеніндей, 30 маусым мен 7 шілде аралығында мемлекеттік шекарадағы өткізу пункттерінде осындай 38 әрекет анықталған. Тексеру барысында жалпы сомасы 636 млн теңгеден астам декларацияланбаған қаражат табылған.

"Жамбыл облысындағы "Қордай" автомобиль өткізу бекетінде шетел азаматының жүгін тексеру кезінде 350 мың АҚШ доллары (170 037 000 теңге) анықталды", – делінген хабарламада.

Ведомствоның мәліметінше, аталған деректер бойынша материалдар процестік шешім қабылдау үшін құзырлы органға жолданды.

ҰҚК Шекара қызметі Қазақстан заңнамасына сәйкес ел аумағынан 10 мың АҚШ долларының баламасынан асатын қолма-қол ақшаны декларациясыз алып шығуға тыйым салынғанын еске салды.

Еске салайық, бұған дейін ҰҚК Қазақстанға әкелуге 2024 жылдан бері тыйым салынған, құны жарты миллиард теңгеден асатын тауардың заңсыз импортын тоқтатқанын хабарлаған болатын.

Қазақстан
ҰҚК

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

"Үсік жүреді". Еліміз бойынша 28 қыркүйекке арналған ауа райы болжамы

Тоқаев шахмат олимпиадасында күміс алған Қазақстан құрамасын құттықтады

Qazaqstan Media Awards аясында "Тұмар" және "Үркер" ұлттық байқауларына өтінім қабылдау басталды

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Енді жанармай сапасын бақылау үшін жанармай құю бекеттері күтпеген жерден тексерілуі мүмкін