Шымкентте психикалық науқас әйелдің туыстары оның дүние-мүлкін сатып, талан-таражға салған

Фото: pexels
ІІ топтағы мүгедектігі бар Шымкент қаласының тумасы тұрғын үй мен жер учаскесіне, сондай-ақ пәтерге қатысты берілген сенімхаттар мен сатып алу-сату шарттарын жарамсыз деп тануды талап етіп, сотқа жүгінді, деп хабарлайды Zakon.kz.

ҚР Жоғарғы сотының мәліметіне сүйенсек, талап қоюшы сенімхаттың қандай жағдайда берілгенін және оған қашан қол қойғаны есінде жоқ екенін айтып, өз мүлкіне билік етуге ешқандай ерік білдірмегенін жеткізген. Белгілі болғандай, ол сенімхат ресімделгенде және мәміле жасалған кезде өзі облыстық психикалық денсаулық орталығында стационарлық режимде ем қабылдап жатқан.

Оның айтуынша, жауапкерлер (екі нотариус және оған туыс боп келетін үш адам) оның психикалық жағдайын пайдаланып, құжаттарын ресімдегенін, содан кейін оған тиесілі барлық мүлкі, яғни жер учаскесі бар тұрғын үйі мен пәтері сатылып кеткенін атап көрсетті. Соның салдарынан талап қоюшы тұрғын үйінен айырылып, туыстарының үйінде тұруға мәжбүр болған.

Іс барысында сот-психиатриялық сараптама тағайындалды.

"Мамандар қорытындысымен әйелдің 2019 жылдан бастап психикалық ауруға – зияткерлік-мнестикалық функцияларының төмендеуімен сипатталатын органикалық этиологиядағы тұлғалық бұзылысқа шалдыққаны расталды". ҚР Жоғарғы соты

Осылайша, сенімхатқа қол қойған кезде ол өз әрекеттерінің мәнін түсінбеген және оларға басшылық жасай алмаған.

Сарапшылардың қорытындылары медициналық құжаттардағы мәліметтерге, талап қоюшының психиатриялық стационарға бірнеше рет емдеуге жатқызылғаны туралы деректерге сүйене отырып дәлелденді.

Сот ұсынылған дәлелдемелерді бағалай келе, сенімхаттарды ресімдеу кезінде талап қоюшының ерік білдіруі саналы болмаған деген қорытындыға келді, сондықтан мәмілелер заңды деп есептелмейді.

"Сот тараптарды бастапқы қалпына келтіріп, сенімхаттарды да, сатып алу-сату шарттарын да жарамсыз деп таныды. Осылайша, сотқа жүгінген әйел адамның мүліктік құқықтары қалпына келтірілді". ҚР Жоғарғы соты

Шешім заңды күшіне енді.

Қазақстан
Шымкент

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Елімізде жаңбыр, қар жауып, -6 градусқа дейін аяз болады

Тоқаевтың "Жаңа тарихи кезеңдегі Қазақстанның өзекті міндеттері" жолдауы: толық мәтін

Тоқаев Түркияға ресми сапармен барды

Богдан Вехов шорт-тректен әлемдік тур кезеңінде жүлдеге бір қадам жетпей қалды

Тоқаев пен Ердоған келіссөз жүргізді