Tesla жүргізген қазақстандықтың өрескел жол ережесін бұзғаны әуеден анықталды

Фото: Zakon.kz
Түркістан облысында дрон Tesla жүргізушісінің қауіпті маневрін тіркеді. Бұл туралы Zakon.kz өңірлік Полиция департаментінің баспасөз қызметі таратқан мәлімдемеден білді.

Ведомство мәліметінше, кезекті рейд барысында Ордабасы аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері республикалық маңызы бар Шымкент – Арыс автожолында әуеден бақылау жүргізді.

Нәтижесінде дронның көмегімен жол қозғалысы ережесін өрескел бұзу, яғни қарсы қозғалыс жолағына шығу дерегі анықталды.

"Тексеру барысында құқық бұзушылықты Tesla электромобилін басқарған 39 жастағы жүргізушінің жасағаны белгілі болды. Полиция қызметкерлері көлікті тоқтатып, жүргізушіні жауапқа тартты", – деп мәлімдеді Түркістан облысы Полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Полиция қарсы қозғалыс жолағына шығу орны толмас зардаптарға жиі әкелетін аса қауіпті құқық бұзушылықтардың бірі екенін атап өтті.

Тәртіп сақшылары барлық жүргізушіні жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтауға, белгіленген жылдамдықтан аспауға, қарсы қозғалыс жолағына шықпауға және жол қауіпсіздігіне жауапкершілікпен қарауға шақырды.

Жуырда Ұлытау облысында той кортежіндегі сегіз көлік мамандандырылған айып тұрағына қойылғаны хабарланған еді.

Қазақстан
Алматы

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

5 қарашадағы Астана мен Алматыдағы айырбастау пункттеріндегі валюта бағамы

Қазақстанда әскери билеттерді беру тәртібі өзгерді

Алматы мен Шымкентте күн жылынады: ауа температурасы +25 градусқа дейін көтеріледі

Бес елдің ғалымдары Аралды қалпына келтірудегі фосфогипстің әлеуетін бағамдады

Мұғалімдерді бағалаудың жаңа өлшемі енгізіледі