"102" операторының атына балағат сөз айтқан қазақстандық жазаланды

Фото: pexels
"102" операторының атына балағат сөздер айтқан қазақстандық жауапқа тартылды. Бұл туралы Zakon.kz-ке Астана прокуратурасының баспасөз қызметі мәлімдеді.

Оқиға желісіне сәйкес, Астана тұрғыны "102" арнасына қоңырау шалу кезінде операторға балағат сөздер айтқан. Осылайша ол Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 378-бабы 1-бөлігінде көзделген "Билік өкілін қызметтік міндеттерін атқару кезінде қорлау" қылмыстық құқық бұзушылығын жасаған.

Сот талқылауы барысында мемлекеттік айыптаушы сотталушының кінәсін толық дәлелдеді.

Сот үкімімен оған 30 сағат қоғамдық жұмыс түріндегі жаза тағайындалды.

Үкім заңды күшіне енді.

Астана прокуратурасы жедел қызмет мамандарының күн сайын азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз етіп, жоғары жауапкершілік жағдайында міндеттерін орындайтынына назар аударды.


"Билік өкілдерін қызметтік міндеттерін атқару кезінде қорлау қылмыстық жауапкершілікке әкеп соғады", – деп мәлімдеді Астана прокуратурасының баспасөз қызметі.

Бұған дейін Петропавл тұрғынының ұзақ жылдар бойы ұлына қамқорлық танытпай, алимент бойынша қарыз жинағаны хабарланған еді. Нәтижесінде ол алимент төлемегені үшін сотталды.

Қазақстан
Астана

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда күн райы күрт бұзылады: 5-7 қарашада қалың қар жауып, күн суытады

"Нөсер жаңбыр жауып, үсік жүреді". Еліміз бойынша 5 қарашаға арналған ауа райы болжамы

Айдос Сарым Президент Жолдауын тарихи міндеттерді айқындайтын құжат деп таныды

Ақтөбеде неке сарайында бұрынғы күйеуі пышақтап кеткен әйелдің екі баласы жетімдер үйіне орналастырылды

Алматы метросынан төрт есе ұзын: Қытайда Азиядағы ең ұзын айналма метро желісі ашылды