Сербия астанасында қазақстандық бойжеткен қаза тапты

Сурет: pixabay
Қазнетте Сербияның астанасы Белградта қазақстандық бойжеткеннің қаза тапқаны туралы ақпарат тарады, деп хабарлайды Zakon.kz.

2026 жылғы 31 шілдеде Threads желісінде diihwangg лақап атымен тіркелген қолданушы қоғам назарын аудару мақсатында қайғылы оқиға туралы жазба жариялады. Оның айтуынша, "бойжеткенді алтыншы қабаттан лақтырып жіберген".

Қаза тапқан бойжеткеннің әкесі де үндеу жасады. Ол тергеу барысына қатысты бірқатар сұрағы бар екенін айтып, бейжай қарамайтын жұртшылықтан көмек сұрады. Сондай-ақ оқиғаға "Влад есімді жігіт пен украиналық қыздардың қатысы болуы мүмкін" екенін мәлімдеді.

"Мұнда күмәнді жағдайлар болуы мүмкін", – деді ол.

Zakon.kz тілшісі түсініктеме алу үшін Қазақстан Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметіне жүгінді.

Ведомствоның мәліметінше, Қазақстанның Сербиядағы елшілігі жергілікті құзырлы органдармен бірлесіп, оқиғаның барлық мән-жайын анықтап жатыр.

"Қазақстандық дипломаттар қаза тапқан азаматшаның туыстарымен тұрақты байланыста болып, оларға жан-жақты консулдық-құқықтық көмек көрсетіп жатыр. Мәселе министрліктің бақылауында", – деп хабарлады Қазақстан СІМ баспасөз қызметі.

2026 жылғы 27 шілдеде Алтайдың Ұлаған ауданында жүргізуші куәлігі жоқ мас әйел адам өліміне әкеп соққан жол апатын жасағаны белгілі болды. Салдарынан Қазақстанның екі азаматы қаза тауып, тағы төрт адам жарақат алды.

Қазақстан
Астана

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Селин Дион ауыр дерттен кейін сахнаға оралды

"Үздік педагог" атағын беру тәртібі: не өзгерді

Желідегі видео: жолда көліктерімен ойына келгенін істеген топ жас полицияға жеткізілді

Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясы 2026 жылғы 1 шілдеде күшіне енеді

ҚМА барлық қазақстандықтарға шұғыл мәлімдеме жасады