Шығыс Қазақстанда бұрынғы күйеуі алты баланың анасының құлағын кесіп тастады

Фото: pixabay
Шығыс Қазақстан облысының Самар ауылында ер адам бұрынғы әйеліне пышақпен шабуыл жасады. Оқиғаның мән-жайын өңірлік Полиция департаментінің баспасөз қызметі Zakon.kz редакциясына хабарлады.

Алғашында бұл ақпарат "За нами уже выехали" Telegram-арнасында жарияланған. Онда ер адамның шабуыл кезінде кәмелетке толмаған алты баланы тәрбиелеп отырған әйелдің құлағын кесіп тастағаны айтылған.

Полицияның мәліметінше, оқиға 2026 жылғы 25 шілдеде болған. Сол күні ауылдың 51 жастағы тұрғыны – жәбірленушінің бұрынғы күйеуі ұсталды.

"Қазіргі уақытта күдікті қамауда отыр. Оған қатысты қылмыстық іс қозғалды. Сонымен қатар жәбірленушімен кез келген байланыс жасауға тыйым салатын қорғау нұсқамасы шығарылды", – деп хабарлады ШҚО Полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Бұған дейін де жәбірленушінің арыздары бойынша ер адам бірнеше рет қылмыстық және әкімшілік жауапкершілікке тартылған. Сондай-ақ ол ата-ана құқығынан айырылған.

"Қазіргі уақытта барлық қажетті тергеу әрекеті жүргізіліп жатыр. Тергеу нәтижесі бойынша қолданыстағы заңнамаға сәйкес шаралар қабылданады. Тергеу барысы Полиция департаменті басшылығының ерекше бақылауында", – делінген ведомство хабарламасында.

3 тамызда Ақтауда бойжеткенге шабуыл жасап, оны зорлаймын деп қорқытқан ер адам жауапқа тартылған еді.

Қазақстан
Өскемен

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Ақша айырбастау орындарындағы доллар бағамы жарияланды

Сейсенбіде еліміздің бес өңірінде аптап ыстық болады - синоптиктер

2 тамыздағы Астана мен Алматы айырбастау пункттеріндегі валюта бағамы

Шетелдіктерге Қазақстанға кіруге электрондық рұқсат беріледі

Оралда азық-түлік дүкеніне қарақшылық шабуыл жасалды