Павлодарда жол ережесін бұзған жүргізуші жауапқа тартылды

Фото: Zakon.kz
Полицияның тұрақты түрде жүргізіп келе жатқан профилактикалық іс-шаралары мен ескертулеріне қарамастан, кейбір жүргізушілер жол қозғалысы ережелерін өрескел бұзып, өз өмірімен қатар, өзге де жол қозғалысына қатысушылардың қауіпсіздігіне қауіп төндіруде.

Мәселен, Астана – Павлодар автожолының Щідерті – Төртқұдық учаскесінде полиция қызметкерлері мемлекеттік тіркеу нөмірлік белгілерінсіз қозғалған Toyota Camry автокөлігін тоқтатқан. Жүргізуші жол белгісінің талабын елемей, қарсы бағытқа арналған қозғалыс жолағына шыққан. Құқық бұзушыға қатысты әкімшілік материалдар толтырылып, процестік шешім қабылдау үшін сотқа жолданды. Автокөлік арнайы тұраққа қойылды.

Павлодар облысының полиция департаменті қарсы қозғалыс жолағына шығу жол қозғалысы ережелерін бұзудың ең қауіпті түрлерінің бірі екенін ескертеді. Мұндай әрекет көлік құралдарының бетпе-бет соқтығысуына және ауыр зардаптарға әкелуі мүмкін.

Тәртіп сақшылары жүргізушілерді жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтауға, жолдағы өз қауіпсіздігіне жауапкершілікпен қарауға және өзге де жол қозғалысына қатысушылардың өмірі мен денсаулығына қауіп төндірмеуге шақырады.

Қазақстан
Павлодар

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанның бірнеше өңірінде жаңбыр мен қар жауып, көктайғақ болады

Қарашада үш жұлдыз белгісінің өмірі түбегейлі өзгеруі мүмкін

Алматыда Меладзе концертіндегі жанжалға қатысқан әйелдер жазаланды

Қазақстан мен Тәжікстан 14 құжатқа қол қойды

"Қазгидромет" Алматы мен тағы бір қала тұрғындарына ескерту жасады