Алматыда бірден үш ауданда жарық өшті

Сурет: unsplash
2026 жылғы 20 тамызда Алматы қаласының бірнеше ауданында электр жарығын беру уақытша шектелді. Атап айтқанда, Бостандық, Медеу және Алмалы аудандарында жарық өшті, деп хабарлайды Zakon.kz

"Алатау Жарық Компаниясы" АҚ мәліметінше, Бостандық ауданында жарық сағат 15:25 шамасында жарық сөнген. "әл-Фараби" ТК ауданы, Қарғалы шағын ауданы және Кенесары хан көшесінің тұрғындары уақытша жарықсыз қалды.

Сондай-ақ сағат 15:30 шамасында Медеу ауданындағы Шоқай, Сәрсенбаев және "Широкая щель" көшелерінің маңында жарық өшті.

Сағат 16:20-да Алмалы ауданында да жарықтың сөнуі тіркелді. Ол Түркебаев, Розыбакиев, Бөгенбай батыр көшелері мен Райымбек даңғылы аумағын қамтыды.

Сурет: azhk.kz

АЖК мамандары оқиға орндарына барып, ақаулардың себебін анықтау және электр жарығын қалпына келтіру үшін техникалық жұмыстар жүргізіп жатыр.

Сонымен қатар Алматыда 17-21 тамыз аралығында электр желілерінде жоспарға сай жұмыстар жүргізіліп жатқаны, соның салдарынан қаланың бірқатар ауданында уақытша жарықтың сөнуі мүмкін екені ескертіледі. Компанияның хабарлауынша, бұған қатысты тиісті кесте мекеме сайтында жарияланған.

Ал АЖК әзірге бүгінгі жарықтың сөнуі себептері мен электр қуатын толық қалпына келтіру мерзімі туралы хабарлаған жоқ.

Айта кетсек, 14 тамызда түстен кейін Алматыда жаппай жарық өшкен болатын.

Алматы

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

"Үсік жүреді". Еліміз бойынша 28 қыркүйекке арналған ауа райы болжамы

Тоқаев шахмат олимпиадасында күміс алған Қазақстан құрамасын құттықтады

Qazaqstan Media Awards аясында "Тұмар" және "Үркер" ұлттық байқауларына өтінім қабылдау басталды

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Енді жанармай сапасын бақылау үшін жанармай құю бекеттері күтпеген жерден тексерілуі мүмкін