Қарағандыда әйел киімін киіп, балалармен танысқан стример қамалды

Фото: Zakon.kz
Қарағандыда 56 жастағы ер адам әйел киімін киіп видео түсіріп, TikTok желісінде кәмелетке толмағандармен танысқан. 2026 жылғы 21 тамызда полиция оған қатысты қандай шара қабылданғанын мәлімдеді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Сөз Қарағандыда тұратын 56 жастағы стример туралы болып отыр.

"Мониторинг барысында Қарағанды полициясы әйел киімін киіп, кәмелетке толмағандарды контентіне тартқан 56 жастағы стример Еркен Жантықпаевтың TikTok желісіндегі заңға қайшы видеоларын анықтады. Сот құқық бұзушыны 10 тәулікке әкімшілік қамауға алып, оған ресми ескерту жасады", – деп хабарлады Қарағанды облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Ер адам әлеуметтік желілердегі аккаунттарын өшірген. Дегенмен ол полицияның қатаң бақылауында болады.

"Құқық бұзушылық қайталанған жағдайда қылмыстық жауапкершілікке дейінгі қатаң жаза қолданылуы мүмкін", – деп нақтылады полиция.

Құқық қорғау органдары әлеуметтік желілерде контент жариялау кезінде заң мен тәртіп талаптарын сақтау қажет екенін ескертті.

Бұған дейін тағы бір қазақстандықтың TikTok арқылы кәмелетке толмаған қыздан интимдік видеолар алып, оларды Telegram желісіндегі жабық арналарда сатқаны үшін ұсталғаны хабарланған еді.

Қазақстан
Қарағанды

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

"Үсік жүреді". Еліміз бойынша 28 қыркүйекке арналған ауа райы болжамы

Тоқаев шахмат олимпиадасында күміс алған Қазақстан құрамасын құттықтады

Qazaqstan Media Awards аясында "Тұмар" және "Үркер" ұлттық байқауларына өтінім қабылдау басталды

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Енді жанармай сапасын бақылау үшін жанармай құю бекеттері күтпеген жерден тексерілуі мүмкін