"Арнайы қызметтер қаптап кетті". Биік темір қоршаудан секірмек болған ер адамның аяғы аспаннан келді

Фото: zakon.kz
Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданындағы Түрген ауылында оқыс оқиға орын алып, 112 жедел байланыс желісіне көмек сұраған хабарлама келіп түсті. Биік қоршаудан секірмек болған ер адамның аяқ-қолы металл конструкцияның арасына қысылып қалған, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бұл туралы 2026 жылы 27 тамызда ҚР ТЖМ баспасөз қызметі хабарлады:

"Зардап шегуші темірден өздігінен босай алмаған. Оқиға орнына ТЖМ құтқарушылары бірден жетті. Арнайы құралдың көмегімен олар қоршаудың металл бөліктерін кесіп, зардап шеккен адамды босатты. Кейін ер адам жедел медициналық жәрдем бригадасына тапсырылды".

Бұған дейін Атырау облысында алғаш рет Конго-Қырым инфекциясын жұқтыру дерегі тіркелгені хабарланған.

Алматы облысы

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

1 қыркүйек қарсаңында пәтер жалдау қымбаттады: Алматы мен Астанадағы бағалар қандай

"Үздік педагог" атағын беру тәртібі: не өзгерді

Президент кітап оқу мәдениетін дамыту қаншалықты өзекті екеніне тоқталды

"Әділет" партиясынан Құрылтай құрамына кімдер кіретіні белгілі болды