Ақтауда катер жартасқа соғылды: зардап шеккендердің жағдайы белгілі болды

Фото: Zakon.kz
2026 жылғы 31 тамызда Ақтауда Каспий теңізіндегі жартасқа катердің соғылуы салдарынан зардап шеккендердің жағдайы белгілі болды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Маңғыстау облыстық ауруханасының мәліметінше, түнде қабылдау бөліміне бес адам жеткізілген. Олардың барлығы – ер адамдар.

"Науқастардың барлығына қажетті медициналық көмек көрсетілді. Төртеуінің денесінің бірнеше бөлігінен түрлі жарақат алғаны анықталды. Қазір олардың барлығы ауруханаға жатқызылды", – деп хабарлады медициналық мекеме.

1988, 2002 және 1964 жылдары туған үш науқас жансақтау бөліміне жатқызылды. Олардың жағдайы ауыр, дәрігерлердің тұрақты бақылауында.

1985 жылы туған ер адамның жағдайы тұрақты. Ол травматология бөлімінде ем қабылдап жатыр.

Ал 1996 жылы туған тағы бір зардап шегушіге қажетті медициналық көмек көрсетілгеннен кейін амбулаториялық ем тағайындалды.

Бұған дейін, 31 тамыз күні таңертең Ақтауда серуендеуге арналған катердің жартасқа соғылғаны хабарланған еді. Оның бортында жеті адам болған. Құтқару кеудешесін кимеген екі адам қаза тапты.

Қазақстан
Ақтау

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астана, Алматы, Шымкент қалалары бойынша алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

"Бірнеше өңірде күн күрт суытады". Еліміз бойынша 26 қазанға арналған ауа райы болжамы

Астана мен Алматыдағы ақша айырбас орындарындағы валюта бағамы - 25 қазан

Атырау облысының әкімі Болат Ақшолақов Мемлекеттік ту көтеру рәсіміне қатысты

Бурабайда тау басына шыққан ер адамның денсаулығы нашарлап, құтқару жасағы аяғынан тік тұрды