Қызылордада мұнай өңдеу зауытында өрт шықты: 120 тонна мұнай жанып кетті

Фото: Zakon.kz/Павел Михеев
Қызылорда қаласындағы Шоқай көшесінде орналасқан мұнай өңдеу зауытында өрт шықты. Онда әрқайсысының сыйымдылығы 60 тонна болатын екі резервуар, яғни жалпы 120 тонна мұнай өнімі жанды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бұл туралы 2026 жылғы 7 қыркүйекте Қызылорда облысының Төтенше жағдайлар департаменті хабарлады. Ведомство мәліметінше, резервуарлар ашық жалынға оранған. Тіпті өрттің басқа нысандарға таралу қаупі болған.

"Өртті сөндіруге Төтенше жағдайлар министрлігінің, жергілікті атқарушы органдардың күштік құрылымдары жұмылдырылды. Оқиға орнында өрт сөндіру жөніндегі жедел штаб құрылды. Көршілес резервуарларды қорғау үшін тасымалды лафеттік оқпандар беріліп, көбікпен сөндіру жұмыстары жүргізілді", – деп мәлімдеді ведомство.

Өртті сөндіру жұмыстарына қосымша өрт сөндіру пойызы да тартылды. Өрт 200 шаршы метр аумақты қамтыған. Мамандар тілсіз жауды толығымен сөндірді. Қазіргі уақытта оның шығу себебі анықталып жатыр.

2026 жылғы 9 тамызда Маңғыстаудағы мұнай кен орнында өрт шыққан еді. Ол туралы мына сілтемеден оқи аласыздар.

Қазақстан
Қызылорда

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Бублик Медведевпен Almaty Open финалына берілетін жолдаманы сарапқа салады

Каспий теңізінің тартылуынан Ресей аумағы ұлғайды

Кәсіпкерлерді жыл сайын әуреге салған мекеме прокуратура назарына ілікті

Атырауда жоғары лауазымды шенеуніктің мәйіті табылды

24 қазанда Астана мен Алматыдағы айырбастау орындарындағы валюта бағамы