Петропавл маңында 50 тонна саз заңсыз өндірілген

Сурет: pexels
Солтүстік Қазақстан облысының мамандандырылған табиғат қорғау прокуратурасы жер қойнауын пайдалану саласындағы заң бұзушылықтарды анықтады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ведомствоның мәліметінше, 2026 жылғы тамызда Петропавл маңында кәсіпкер арнайы техниканың көмегімен сазды заңсыз өндірген.

"Барлығы 50 тоннаға жуық топырақ шығарылған. Заң бұзған кәсіпкер әкімшілік жауапкершілікке тартылып, оған айыппұл салынды", – делінген СҚО прокуратурасының 2026 жылғы 9 қыркүйекте жарияланған хабарламасында.

Сонымен қатар 11 жер қойнауын пайдаланушы 2024-2025 жылдары өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуына арналған қаражатты аудармаған. Берешектің жалпы сомасы 10,5 млн теңгені құрады.

Бұдан бөлек, жерасты суын пайдаланатын 26 кәсіпкер жалпы сомасы 29 млн теңге болатын қол қою бонусын төлемеген.

Прокурорлық қадағалау нәтижесінде бюджетке 18 млн теңге өндірілді.

Бұған дейін, 2 қыркүйекте Қаржылық мониторинг агенттігінің департаменті Солтүстік Қазақстан облысындағы бірегей кен орнын игеру жобасының қалай тоқтап қалғаны туралы егжей-тегжейлі мәлімдеген еді.

Қазақстан
Петропавл

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Каспий теңізінің тартылуынан Ресей аумағы ұлғайды

Кәсіпкерлерді жыл сайын әуреге салған мекеме прокуратура назарына ілікті

24 қазанда Астана мен Алматыдағы айырбастау орындарындағы валюта бағамы

Атырауда жоғары лауазымды шенеуніктің мәйіті табылды

Балуан Айдос Сұлтанғали әлем біріншілігінің 1/2 финалына шықты