Астананың ортасында салынып жатқан ғимараттан шыққан өрт сөндірілді

Сурет: ҚР ТЖМ баспасөз қызметі
2026 жылғы 13 қыркүйекте Астананың сол жағалауында жаңадан салынып жатқан бес қабатты тұрғын үйден шыққан өрт сөндірілді, деп хабарлайды Zakon.kz.

ТЖМ мәліметінше, Астанадағы Ақмешіт көшесінде жаңадан салынып жатқан ғимараттың шатырында рубероид пен полиэтилен жанған. Қызыл жалын 30 шаршы метр аумақты қамтыған.

Өртті сөндіруге 14 техника мен жеке құрамнан 35 қызметкер жұмылдырылды.

Зардап шеккендер жоқ.

Бұған дейін Астананың сол жағалауында тұтанған өрттің салдарынан көкке қара түтін будақтағаны хабарланып, оқиға орнынан түсірілген видео жарияланған болатын.

Астана

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

"Нөсер жаңбыр жауып, үсік жүреді". Еліміз бойынша 5 қарашаға арналған ауа райы болжамы

Ақтөбеде неке сарайында бұрынғы күйеуі пышақтап кеткен әйелдің екі баласы жетімдер үйіне орналастырылды

Павлодар облысында оқушы қыздар зорланған

Қазақстанның мемлекеттік қарызы 38,8 трлн теңгеге жетті: Қаржы министрлігі түсініктеме берді

Мұғалімдерді бағалаудың жаңа өлшемі енгізіледі