Алматы әкімдігінің қызметкері жасанды интеллект көмегімен жалған есеп жасаған

Фото: freepik
Жасанды интеллект және цифрлық даму вице-министрі Ғиззат Байтұрсынов 2026 жылғы 15 қыркүйекте Үкіметте өткен брифингте Алматы әкімдігі қызметкерінің атқарылған жұмыс туралы жалған есеп дайындау үшін жасанды интеллект технологиясын пайдалануына қатысты пікір білдірді.

Бұған дейін әлеуметтік желілерде Алматы әкімдігінің қызметкері қоқысты тазаламай, есепке жасанды интеллект көмегімен әзірленген суреттерді қосқаны туралы ақпарат тараған еді. Ол суреттерде аумақ қоқыстан тазартылғандай етіп көрсетілген.

"Әкімдік қызметкеріне қатысты айтар болсам, бұл жерде жасанды интеллектінің кінәсі жоқ. Жасанды интеллект тек құрал ретінде пайдаланылған. Жұмысты орындамаған адамнан оны не себепті атқармағанын сұрау қажет. Ал жасанды интеллект – жай ғана құрал. Оны игі мақсатта да, осындай мақсатта да пайдалануға болады. Бұған алып-қосарым жоқ", – деді Ғиззат Байтұрсынов.

Бұған дейін Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігі Қазақстанда төртінші ұялы байланыс операторының пайда болу мүмкіндігіне қатысты пікір білдірген еді.

Қазақстан
Алматы

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

31 қазанда Астана мен Алматыдағы ақша айырбастау орындарындағы валюта бағамы

Тоқаев "Халықтық құрылыс" бағдарламасына бөлінген қаражатты бақылауды тапсырды

1 қарашада қай өңірлерде қолайсыз ауа райына байланысты ескерту жасалды

Асыл Айтақын күрестен әлем чемпионатында қола жүлдеге бір қадам жетпей қалды

Алғашқы финал: Нұрқожа Қайпанов күрестен әлем чемпионатының алтын медалі үшін бақ сынайды