23 млн теңге залал: Астанада World Business Consulting қаржы пирамидасының басшысы сотталды

Фото: Zakon.kz/Максим Золотухин
Астанада миллиондаған теңге залал келтірген қаржы пирамидасының басшысына үкім шығарылды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Қаржы пирамидасын құрып, оған басшылық жасады деп айыпталған әйел сот алдында жауап берді.


"Қылмыстық қудалау органы М.-ға World Business Consulting қаржы пирамидасының құрылымдық бөлімшесін басқарды деген айып тақты. Ол алтыншы деңгейдегі директор бола отырып, жәбірленушілерге жалпы сомасы 23 млн теңгеге жуық материалдық залал келтірген, – деп хабарлады 2026 жылғы 17 қыркүйекте Астана қаласының қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық соты.

Сот 2020 жылғы тамыз бен қыркүйек аралығында айыпталушының "салымшылардан" ақша тартып, қаржы пирамидасына басшылық жасағанын анықтады. Оның әрекетінен екі жәбірленушіге тиісінше 8 млн теңгеге жуық және 15 млн теңгеге жуық материалдық залал келген.

Сотталушы өз кінәсін ішінара мойындады.

Жаза тағайындау кезінде сот келтірілген залалдың бір бөлігін ерікті түрде өтеуді жеңілдететін мән-жай ретінде ескерді. Сот ауырлататын мән-жайларды анықтаған жоқ.

Сот елорда тұрғынын кінәлі деп танып, қылмыстық-атқару жүйесінің қауіпсіздігі барынша төмен мекемесінде жазасын өтеумен бес жылға бас бостандығынан айырды.

Үкім заңды күшіне енген жоқ.

Бұған дейін Қонаев қаласында Amanat Drive қаржы пирамидасының екі басшысына үкім шығарылған еді. Олар жәбірленушілерден 21 млрд теңге жинаған.

Қазақстан
Шымкент
Алматы
Астана

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

"Нөсер жаңбыр жауып, үсік жүреді". Еліміз бойынша 5 қарашаға арналған ауа райы болжамы

Қазақстанда әскери билеттерді беру тәртібі өзгерді

5 қарашадағы Астана мен Алматыдағы айырбастау пункттеріндегі валюта бағамы

Ақтөбеде неке сарайында бұрынғы күйеуі пышақтап кеткен әйелдің екі баласы жетімдер үйіне орналастырылды

Павлодар облысында оқушы қыздар зорланған