Павлодар облысының денсаулық сақтау басқармасына сілтеме жасай отырып, Pavlodarnews.kz жол апатынан зардап шеккен 2004 жылғы екі науқастың жағдайы жақсарғанын, олардың бірі жансақтау бөлімінен нейрохирургия бөліміне, екіншісі политравма бөліміне ауыстырылғанын хабарлайды.
Ал 2003 жылғы науқас әлі жансақтау бөлімінде жатыр. Тағы бір 2004 жылы туған ер адам политравма бөлімінде ем қабылдауда.
"Науқастарға барлық қажетті медициналық көмек көрсетіліп жатыр", деп хабарлады облыстық денсаулық сақтау басқармасынан.
2006 жылы туған зардап шегушіге амбулаториялық көмек көрсетілген.
Бұған дейін 17 қыркүйекте Кенжекөл ауылының маңында төрт көлік соқтығысып, салдарынан бір адам қаза тапты, тағы жетеуі жарақат алғаны хабарланған.