Алматыда үш көлік соқтығысып, жеті адам зардап шекті

Сурет: Zakon.kz.
Алматыдағы Солтүстік айналма жолда, "Рахат" сауда орталығының қарсы бетінде Chevrolet Cobalt, Toyota Camry көліктері мен Volvo жүк көлігі қатысқан үш көліктің жол-көлік оқиғасы болды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Алдын ала мәлімет бойынша, Toyota Camry мен жүк көлігі Солтүстік айналма жолымен оңтүстік бағытта келе жатқан. Осы кезде Camry жүргізушісі әзірге белгісіз себеппен қарсы бағыттағы жолаққа шығып кетіп, Chevrolet Cobalt көлігімен соқтығысқан.

Сурет: Zakon.kz.

Соққыдан Cobalt бетон қоршауға лақтырылып, кейін қайтадан жол бөлігіне түскен.

Сурет: Zakon.kz.

Ал Toyota Camry өз бағытында келе жатқан Volvo жүк көлігімен соқтығысып, оның тіркемесінің астында қалып қойған.

Сурет: Zakon.kz.

Camry көлігінің қарсы жолаққа қалай шығып кеткені әзірге анықталып жатыр.

Сурет: Zakon.kz.

Жол апатынан жеті адам зардап шеккен. Олардың барлығы екі жеңіл көліктің ішінде болған. Зардап шеккендер ауруханаға жеткізілді.

Сурет: Zakon.kz.

Апат салдарынан Солтүстік айналма жолдың екі бағытындағы орталық жолақтарда қозғалыс тоқтатылып, осы учаскеде көлік кептелісі пайда болды.

Сурет: Zakon.kz.

Оқиға орнында жедел қызметтер жұмыс істеп, жол-көлік оқиғасын рәсімдеу жүргізілуде. Көліктердің өртену қаупіне байланысты өрт сөндірушілер де шақырылып, кезекшілік жұмыстарын жалғастырып жатыр.

Бұған дейін Екібастұздағы аулада жеңіл көлік алты жасар баланы қағып, бала қаза болғаны туралы хабарланған еді.

Қазақстан
Алматы

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

5 қарашадағы Астана мен Алматыдағы айырбастау пункттеріндегі валюта бағамы

Қазақстанда әскери билеттерді беру тәртібі өзгерді

Алматы мен Шымкентте күн жылынады: ауа температурасы +25 градусқа дейін көтеріледі

Бес елдің ғалымдары Аралды қалпына келтірудегі фосфогипстің әлеуетін бағамдады

Мұғалімдерді бағалаудың жаңа өлшемі енгізіледі