СҚО-да заңсыз такси қызметін көрсеткен шетелдік азамат елден шығарылды

Фото: Zakon.kz
Петропавл тұрғынының такси жүргізушісінің дөрекілігіне қатысты шағымы күтпеген нәтижеге әкелді.

Өтінішті тексеру барысында полицейлер жүргізушінің – 42 жастағы шетел азаматының – көші-қон заңнамасын бұзғанын анықтады.

Ол жолаушылар тасымалымен айналысқан. Алайда Қазақстанға кірген кезде келу мақсаты ретінде еңбек қызметін немесе кәсіпкерлік қызметті көрсетпеген. Бұған қоса, бұған дейін де дәл осы себеппен әкімшілік жауапкершілікке тартылған.

Тәртіп сақшылары бір жыл ішінде қайталап жасалған құқық бұзушылық бойынша материал жинап, әкімшілік сотқа жолдады.

Сот шешімімен ер адамға бір тәулік әкімшілік қамау жазасы тағайындалып, кейін Қазақстан Республикасынан бес жыл мерзімге шығару белгіленді.

Жыл басынан бері Солтүстік Қазақстан облысында 679 шетелдік азамат әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Оның 633-і көші-қон заңнамасын бұзғаны үшін жауапқа тартылған.

Қазақстан Республикасынан 45 шетелдік азамат шығарылды. Бұдан бөлек, 152 шетелдік азаматтың ел аумағында болу мерзімі қысқартылды.

Қазақстан
Петропавл

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

"Үсік жүреді". Еліміз бойынша 28 қыркүйекке арналған ауа райы болжамы

Тоқаев шахмат олимпиадасында күміс алған Қазақстан құрамасын құттықтады

Qazaqstan Media Awards аясында "Тұмар" және "Үркер" ұлттық байқауларына өтінім қабылдау басталды

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Енді жанармай сапасын бақылау үшін жанармай құю бекеттері күтпеген жерден тексерілуі мүмкін