Ақмола облысының тұрғыны тұрмыстық жанжалдан кейін танысының итін балтамен өлтірген

Сурет: pexels
Ақмола облысында бірге тұратын әйелін тістеп алғаны үшін танысының итін балтамен өлтірген ауыл тұрғынына сот үкімі шықты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ер адамның ашуына тұрмыстық оқиға себеп болған. Ол танысының ауласында иттің бірге тұратын әйелін аяғынан тістеп алғанын естіп, ашуға булыққан.

Балтамен қаруланған ер адам танысының үйіне барған. Сол жерде итті шақырып алып, басынан екі рет ұрған.

"Ветеринар дәрігердің қорытындысына сәйкес, ит алған жарақаттарынан өлген", – делінген соттың 2026 жылғы 5 қазандағы хабарламасында.

Жануарға қатыгездік көрсетіп, оның өліміне әкеп соққан әрекетке байланысты ҚР Қылмыстық кодексінің 316-бабының 2-бөлігі бойынша қылмыстық іс қозғалған.

Сотта ауыл тұрғыны кінәсін толық мойындап, өкінетінін білдірді. Оның кінәсі өз мойындауынан бөлек, өлген иттің иесі мен куәгерлердің айғақтарымен, бейнежазбалармен, оқиға орнын қарап-тексеру хаттамасымен және сараптама қорытындысымен дәлелденді.

Үкім шығару кезінде сот сотталушының өкінетінін, сондай-ақ мүліктік жағдайын ескерді. Ер адам еш жерде ресми түрде жұмыс істемейді. Жәбірленуші тарап азаматтық талап қоймаған.

Жақсы аудандық соты ауыл тұрғынын кінәлі деп танып, оған 100 сағат қоғамдық жұмысқа тарту жазасын тағайындады.

Сот үкімі заңды күшіне енді.

Бұған дейін буаз иттің көпқабатты үйдің терезесінен лақтырылғаны хабарланған болатын.

Қазақстан
Шымкент
Алматы
Астана

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

"Үсік жүреді". Еліміз бойынша 28 қыркүйекке арналған ауа райы болжамы

Тоқаев шахмат олимпиадасында күміс алған Қазақстан құрамасын құттықтады

Qazaqstan Media Awards аясында "Тұмар" және "Үркер" ұлттық байқауларына өтінім қабылдау басталды

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Енді жанармай сапасын бақылау үшін жанармай құю бекеттері күтпеген жерден тексерілуі мүмкін