ҚР Қарулы күштері Әскери-теңіз күштерінің бұрынғы бас қолбасшысы Қанат Ниязбеков ұсталды

Сурет: ҚР Қорғаныс министрлігі
Қазақстанда Каспий теңізіндегі оқу-жаттығу кезінде болған қайғылы оқиғаны тергеу аясында Әскери-теңіз күштерінің бұрынғы бас қолбасшысы Қанат Ниязбеков ұсталды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бұл туралы 2026 жылғы 6 қазанда Ішкі істер министрлігі сауалға берген жауабында хабарлады.

"ІІМ-нің әскери-тергеу бөлімшесі Каспий теңізіндегі оқу-жаттығу кезінде әскери қызметшілердің қаза табу фактісі бойынша қылмыстық істі тергеу аясында ҚР Қарулы Күштері Әскери-теңіз күштерінің бұрынғы бас қолбасшысы, 1-дәрежелі капитанды қызметіне салғырт қарады деген күдікпен ұстап, уақытша ұстау изоляторына қамады. Ол сот санкциясымен қамауға алынды. Сотқа дейінгі тергеп-тексеру жалғасып жатыр", – делінген жауапта.

Қанат Ниязбеков ҚР Қарулы Күштерінің Әскери-теңіз күштерін 2025 жылғы тамыздан бастап басқарған. Оған дейін Әскери-теңіз күштері Бас штабының бастығы – бас қолбасшының бірінші орынбасары қызметін атқарған.

Маңғыстаудағы қайғылы оқиғадан кейін Қасым-Жомарт Тоқаев 2026 жылғы 3 қазанда Ниязбековті қызметінен босатты.

2026 жылғы 24 қыркүйекте Маңғыстау облысында әскери-теңіз оқу-жаттығуы кезінде 17 әскери қызметшіні Каспий теңізіне ағызып әкеткен. Олардың үшеуі құтқарылып, 14 әскери қызметші қаза тапты.

Маңғыстаудағы қайғылы оқиғадан кейін Қасым-Жомарт Тоқаев 2026 жылғы 3 қазанда Ниязбековті қызметінен босатты.

2026 жылғы 26 қыркүйекте Президент "Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігіндегі істің жай-күйін кешенді тексеру жөніндегі комиссия туралы" өкімге қол қойды.

5 қазанда комиссияның кеңесі өтті. Онда Маңғыстау облысындағы қайғылы оқиғалар Қарулы Күштерде қордаланған жүйелі мәселелерді айқындағаны айтылды. Тергеудің алдын ала қорытындылары әскери іс-шараларды жоспарлау кезінде елеулі қателіктерге жол берілгенін және бұрынғы басшылық тарапынан тиісті бақылау болмағанын көрсетеді.

Тексерудің бірінші кезеңінің қорытындысы бойынша қылмыстық қудалау органдары Қорғаныс министрлігіне қарасты ұйымдар мен бөлімшелердің қызметінде мемлекеттік мүлікті жымқыру ықтималдығы, лауазымдық өкілеттіктерді теріс пайдалану және өзге де заң бұзушылықтар фактілері бойынша 13 қылмыстық іс қозғады.

Қазақстан
Молния
Астана

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

"Үсік жүреді". Еліміз бойынша 28 қыркүйекке арналған ауа райы болжамы

Тоқаев шахмат олимпиадасында күміс алған Қазақстан құрамасын құттықтады

Qazaqstan Media Awards аясында "Тұмар" және "Үркер" ұлттық байқауларына өтінім қабылдау басталды

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Енді жанармай сапасын бақылау үшін жанармай құю бекеттері күтпеген жерден тексерілуі мүмкін