Бектенов Абай облысы әкімінің орынбасарын тәртіптік жауапкершілікке тартуды тапсырды

Фото: Zakon.kz/Павел Михеев
Премьер-министр Олжас Бектенов 2026 жылғы 6 қазанда Үкімет отырысында өңірлерде жылыту маусымының басталу барысына баға берді, деп хабарлайды Zakon.kz тілшісі.

Үкімет басшысы бұған дейін жылу көздері мен желілерін 1 қазанға дейін жылыту маусымына толық дайындауды тапсырғанын еске салды.

"Бір өңірді қоспағанда, барлығы тапсырманы белгіленген мерзімде орындады. Осыған байланысты жұмысты тиісті деңгейде үйлестірмегені және Семей қаласының жылу желілерін уақтылы дайындамағаны үшін осы салаға жауапты Абай облысы әкімінің орынбасарын тәртіптік жауапкершілікке тартуды тапсырамын", – деді Олжас Бектенов.

Премьер-министр өңір әкімдеріне жылыту маусымының өтуін қадағалайтын өңірлік штабтардың жұмысын қайта жандандыруды тапсырды. Сондай-ақ энергия көздері мен желілердің жұмысын тұрақты түрде тексеру қажет екенін айтты.

"Барлық жоспарлы көрсеткіштер сақталуы тиіс. Отынның нормативтік қорын қамтамасыз етіп, резервтік жабдықтарды дайын ұстау қажет. Сонымен қатар халыққа арналған көмірдің жеткілікті болуы мен тұрақты бағамен сатылуын үнемі бақылауда ұстаған жөн", – деп түйіндеді Үкімет басшысы.

Бұған дейін, 2026 жылғы 22 қыркүйекте Энергетика министрі Ерлан Ақкенженов жылу желілерін жөндеу жұмыстары әлі аяқталмаған қалаларды атаған болатын.

Қазақстан
Өскемен
Бектенов Олжас

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

"Үсік жүреді". Еліміз бойынша 28 қыркүйекке арналған ауа райы болжамы

Тоқаев шахмат олимпиадасында күміс алған Қазақстан құрамасын құттықтады

Qazaqstan Media Awards аясында "Тұмар" және "Үркер" ұлттық байқауларына өтінім қабылдау басталды

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Енді жанармай сапасын бақылау үшін жанармай құю бекеттері күтпеген жерден тексерілуі мүмкін