Астанада 16 бағыт бойынша автобустар саны артады

Фото: akorda.kz
Астанада бірқатар бағытқа қосымша автобустар шығарылады. Соның арқасында жолаушылардың аялдамада күту уақыты қысқарады, деп хабарлайды Zakon.kz.

City Transportation Systems компаниясының мәліметінше, 11 қалалық бағыттағы автобустар саны жұмыс және демалыс күндері жалпы 22-ге артады. Ал бес экспресс бағытқа қосымша 10 автобус шығарылады.

10 қазаннан бастап демалыс күндері мына бағыттардағы автобустар саны көбейді:

- №12 — 11-ден 12 автобусқа;

- №37 — 10-нан 12 автобусқа;

- №46 — 15-тен 16 автобусқа;

- №50 — 12-ден 14 автобусқа;

- №64 — 11-ден 12 автобусқа.

12 қазаннан бастап жұмыс күндері:

- №3 — 18-ден 20 автобусқа;

- №4 — 16-дан 20 автобусқа;

- №5 — 16-дан 20 автобусқа;

- №35 — 16-дан 18 автобусқа;

- №36 — 17-ден 18 автобусқа;

- №63 — 22-ден 24 автобусқа.

Күн сайын қатынайтын экспресс бағыттарда:

- №502 — 12-ден 14 автобусқа;

- №505 — 12-ден 14 автобусқа;

- №506 — 10-нан 12 автобусқа;

- №507 — 10-нан 12 автобусқа;

- №508 — 10-нан 12 автобусқа.

Сонымен қатар Астанада қоғамдық көліктегі жолақыны көтеру мәселесі талқыланып жатыр. 2026 жылғы желтоқсаннан бастап жолақыны 110 теңгеден 150 теңгеге дейін көтеру ұсынылды.

Қазақстан
Шымкент
Алматы
Астана

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

"Үсік жүреді". Еліміз бойынша 28 қыркүйекке арналған ауа райы болжамы

Тоқаев шахмат олимпиадасында күміс алған Қазақстан құрамасын құттықтады

Qazaqstan Media Awards аясында "Тұмар" және "Үркер" ұлттық байқауларына өтінім қабылдау басталды

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Енді жанармай сапасын бақылау үшін жанармай құю бекеттері күтпеген жерден тексерілуі мүмкін