Алматыда РФММ-нің 48 оқушысы ауруханаға түсті: қылмыстық іс қозғалды

Фото: Zakon.kz
Алматыдағы Республикалық физика-математика мектебінде оқушылардың жаппай улану дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бұл туралы бүгін, 2026 жылғы 14 қазанда қалалық Полиция департаментінің баспасөз қызметі мәлімдеді.

"Аталған дерек бойынша Бостандық аудандық Полиция басқармасына қарасты полиция бөлімі қылмыстық іс қозғады. Тергеу іс-шараларының кешені, соның ішінде санитариялық-эпидемиологиялық қызметтің тексеру қорытындысы негізінде оқиғаның мән-жайы анықталып, процестік шешім қабылданады", – делінген хабарламада.

Бұған дейін 2026 жылғы 12–14 қазан аралығында Алматыдағы Балалар қалалық клиникалық жұқпалы аурулар ауруханасына Республикалық физика-математика мектебінің 48 оқушысы жіті ішек инфекциясының белгілерімен жатқызылғаны хабарланған еді. Тағы алты баланың интернатта оқшауланып, медициналық бақылауға алынғаны нақтыланды.

Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, ас блогын тексеру барысында санитариялық талаптардың бұзылғаны анықталған. Инфекция көзін анықтау үшін су мен азық-түліктен сынамалар, беттерден шайындылар алынып, ас блогының қызметкерлері тексерілген. Мектеп пен асхананың жұмысы уақытша тоқтатылды. Зертханалық зерттеулер жалғасып жатыр.

Қазақстан
Шымкент
Алматы
Астана

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

"Үсік жүреді". Еліміз бойынша 28 қыркүйекке арналған ауа райы болжамы

Тоқаев шахмат олимпиадасында күміс алған Қазақстан құрамасын құттықтады

Qazaqstan Media Awards аясында "Тұмар" және "Үркер" ұлттық байқауларына өтінім қабылдау басталды

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Енді жанармай сапасын бақылау үшін жанармай құю бекеттері күтпеген жерден тексерілуі мүмкін