Ғылыми әзірлемелер Қазақстанға 147 млрд теңгеден астам пайда әкелді – Ғылым министрлігі

Фото: freepik
Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек депутаттық сауалға берген жауабында ғылыми әзірлемелерді өндіріске енгізудің экономикалық нәтижелері туралы айтты, деп хабарлайды Zakon.kz тілшісі.

Ол министрлік Ғылым қоры арқылы ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет нәтижелерін коммерцияландыру жобаларын гранттық қаржыландыру тетігін іске асырып жатқанын еске салды. Бұл тетік ғылыми әзірлемелерді өндіріске енгізуге және олардың экономикалық қайтарымын арттыруға бағытталған.


"Осы тетік аясында 386 жобаға қолдау көрсетіліп, оларды іске асыруға 90,8 млрд теңге грант қаражаты бөлінді. Қазір 291 жоба өз өнімін нарықта сатып жатыр, оның ішінде 30 жоба өнімдерін экспортқа шығарады. Қолдау көрсетілген жобалардың еліміздің ғылыми-техникалық дамуына қосқан жиынтық үлесі 147,1 млрд теңгені құрады. Бұл бөлінген гранттық қаржыландыру көлемінен 1,62 есе көп. Өнім сату көлемі 65,3 млрд теңгеге жетті, оның ішінде экспорттан түскен түсім – 1,6 млрд теңге", – делінген жауапта.

Министрдің мәліметінше, бюджетке 13,5 млрд теңге салық төленіп, 28,2 млрд теңге жеке қаржы тартылған. Сондай-ақ 40,1 млрд теңгеге негізгі құралдар сатып алынып, шамамен 2,4 мың жұмыс орны ашылған.

Бұған дейін Саясат Нұрбек жасанды интеллектінің жаңа базалық құзыретке айналып келе жатқанын мәлімдеген еді.

Қазақстан
Шымкент
Алматы
Астана

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

"Үсік жүреді". Еліміз бойынша 28 қыркүйекке арналған ауа райы болжамы

Тоқаев шахмат олимпиадасында күміс алған Қазақстан құрамасын құттықтады

Qazaqstan Media Awards аясында "Тұмар" және "Үркер" ұлттық байқауларына өтінім қабылдау басталды

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Енді жанармай сапасын бақылау үшін жанармай құю бекеттері күтпеген жерден тексерілуі мүмкін