"Көшіп кеткенің дұрыс": Қарағандыда ер адам ағаштарды жұлып тастап, кофехана қызметкеріне қоқан-лоқы көрсетті

Фото: Zakon.kz
Қарағандыда ер адам түн ішінде кофехана маңына отырғызылған жас қарағаштарды тамырымен жұлып тастаған. Келесі күні ол мекемеге қайта келіп, қызметкер әйелге қоқан-лоқы көрсеткен, деп хабарлайды Zakon.kz.

Оқиға бейнебақылау камераларына түсіп қалған. Видеожазба Instagram әлеуметтік желісіндегі obn.public парақшасында жарияланды. Кофехана иесі болған жағдайға ашуланып, жасыл желекті аумақты абаттандыруға қаншама еңбек жұмсалғанын айтып берді.

"Бұл – нағыз жабайылық. Естеріңізде болса, мен осы ағаштарды көрсетіп, олардың жақсы жерсініп, жайқалып өсіп келе жатқанына қуанған едім. Жақында бұтақтарын қырқып, жасыл қоршау жасаймыз деп жоспарлағанбыз. Бірақ, өкінішке қарай, бұл біреуге ұнамаған сияқты. Біреу бұған үзілді-кесілді қарсы болған. Видеоны өздеріңіз көріңіздер", – дейді кофехана иесі.

Біраз уақыттан кейін аталған парақшада оқиғаның жалғасы жарияланды. Бейнебақылау камераларына ағаштарды жұлып тастаған ер адамның келесі күні кофеханаға кіріп, қызметкер әйелге қоқан-лоқы көрсеткен сәті түсіп қалған.

"Бұл жерден көшіп кеткенің дұрыс. Ана жасыл қоршауға қатысты... Егер ағаштарды осы жерге отырғызсаңдар, адамдар қайдан өтеді?" – дейді ер адам видеода.

Аталған оқиғаға полиция қызметкерлері араласты. Қарағанды облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі Zakon.kz тілшісіне хабарлағандай, кофехана иесінің арызынан кейін тәртіп сақшылары көшедегі бейнебақылау камераларының жазбаларын қарап, ер адамның жеке басын жедел анықтаған.


"Ол жалғыз тұратын 51 жастағы жергілікті тұрғын болып шықты. Ер адам психоневрологиялық диспансерде есепте тұрады. Қазіргі уақытта ол мамандандырылған медициналық мекемеге орналастырылды", – деп мәлімдеді полиция департаменті 2026 жылғы 25 қазанда.

Бұған дейін Ақтөбеде де осыған ұқсас жағдай болғаны хабарланған еді. Қаладағы Триатлон саябағының маңында 100-ге жуық ағаш жойылған. Соның салдарынан жүгіру жолының жанындағы бұрын жасыл желек өскен аумақ үлкен бос алаңға айналған.

Қазақстан
Қарағанды

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Атырау облысының әкімі Болат Ақшолақов Мемлекеттік ту көтеру рәсіміне қатысты

Айдос Сұлтанғали Олимпиада жүлдегерін жеңіп, әлем чемпионатында қола медальға ие болды

"Аяз, тұман, көктайғақ". Дүйсенбіде еліміздің 16 өңірінде дауылды ескерту жарияланды

Almaty Open турнирі: Медведев екінші жыл қатарынан бас жүлдені қанжығалады

Әлемдік концерттік туры аясында Димаш Құдайберген өзінің авторлық әндерін орындауда