Жол апаты өткен демалыс күндері Жұмысшы көшесінде болған. Полицияның алдын ала мәліметінше, Subaru Forester көлігін тізгіндеген әйел адам рөлге ие бола алмай қалған, деп жазады YK-news.kz 2026 жылғы 27 қазанда.
"Жүргізуші қозғалыс жылдамдығын асырып, ақыры рөлге ие бола алмай қалған. Жол-көлік оқиғасы салдарынан екі жолаушы медициналық көмекке жүгінді", - дейді ШҚО полиция департаментінің баспасөз қызметі.
Бұған дейін Алматыда Құлжа тас жолы бойындағы екі көлік жүргізушісінің жанжалы туралы жазғанбыз.