Қостанай облысындағы бес жасар баланың өліміне қатысты тың мәлімет жарияланды

Сурет: pixabay
Қостанай облысында бес жасар баланы өлімші етіп соққыға жықты деген күдікпен ер адам қамауға алынды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Жантүршігерлік жағдай Әуликөл ауданындағы Құсмұрын ауылында болған. Ойын баласына озбырлық көрсеттті деген күдікпен ер адам ұсталып, қамауға алынды. Қазір полиция өкілдері тергеу құпиялығына сай өзге ақпаратты жарияламай отыр. Ал бала құқықтары жөніндегі өңір уәкілі бес жасар бала бұған дейін балабақшаға барып жүргенін айтады. Алайда оның анасы ана құқынан айырылғандықтан, ол әжесінің тәрбиесінде болған, деп хабарлайды КТК.

"Сот шешімі арқылы әкесі Қосмұрынға алып кеткен. Бұрын балабақшаға барып жүрген бала. Көпбалалы отбасы. Оның басқа да балалары бар. Жаңа отбасын құрғандықтан, өгей анасымен және өз әкесімен тұрып жатқан. Қылмыстық іс қозғалды. Басқа мән-жайы әлі анықталып жатыр".Несібелі Бәсенова, Қостанай облысы бойынша бала құқықтары жөніндегі өңір уәкілі

Бұған дейін Шымкентте тойханада жұмыс істеген 13 жастағы жасөспірім жұмыс орнында қайтыс болғанын жазғанбыз.

Қазақстан
Қостанай

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

30 қазандағы доллар, еуро және рубль бағамы: үш қаладағы айырбас курсы

Енді қазақстандықтар бес елде QR-код арқылы төлем жасай алады

Конституциялық сот тұрғын үй төлемдерін қайта алуға тыйым салуды заңды деп таныды

Түркі әлемінің әуені мен Димаштың өнері: Тоқаев Түркияда концерт тамашалады

"Қар жауып, көктайғақ болады". Еліміз бойынша 31 қазанға арналған ауа райы болжамы