Бұл туралы Қазақстанның Мемлекеттік күзет қызметі хабарлады:
"Құрметті, астаналықтар және қала қонақтары! Астана қаласында бірқатар ауқымды халықаралық саяси іс-шаралар өткізілуіне байланысты 2026 жылы 5-7 қараша аралығында елорда көшелерінің жекелеген бөлігінде көлік құралдарының жүруіне уақытша шектеу қойылады. Іс-шараларда Қазақстан Республикасының арнайы мемлекеттік, құқық қорғау органдары мен Қарулы Күштерінің күштері мен құралдарын пайдалану көзделген. Оған қоса, 1 қарашадан бастап қаланың әуе кеңістігінде әскери авиацияның ұшу жаттығулары жоспарланған. Елорда тұрғындары мен қонақтарынан халықаралық деңгейдегі маңызды оқиға уақытында өткізілетін қауіпсіздікті қорғау шараларына түсіністікпен қарауды сұраймыз".
Бұған дейін әскери ұшақтардың қатысуымен тура осындай жаттығулар 9-14 қазанда жүргізілген болатын.