Профилактикалық іс-шараларды профилактикалық жұмысты үйлестіру басқармасы Алмалы аудандық полиция басқармасының қызметкерлерімен бірлесіп ұйымдастырды.
Оған Алматы қаласы бойынша мемлекеттік кірістер департаментінің қызметкерлері де қолдау көрсетті. Екі күн ішінде 300-ден астам нысан тексерілді. Олардың қатарында азық-түлік дүкендері мен ойын-сауық орындары бар.
Тексеру нәтижесінде алкоголь өнімдерін тиісті лицензиясыз сатқан 17 жеке кәсіпкер анықталды. Оларға қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 463-бабы бойынша әкімшілік материалдар жиналды. Заңсыз айналымнан 500 литрден астам алкоголь өнімі тәркіленді.
Сонымен қатар алкоголь өнімдерін сату кезінде заңнамада белгіленген талаптарды бұзған тағы 12 жеке кәсіпкер ҚР ӘҚБтК-нің 200-бабы бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Мұндай рейдтік іс-шаралар жүйелі түрде жүргізіледі.
Негізгі мақсат – алкоголь өнімдерінің заңсыз айналымына тосқауыл қою және құқық бұзушылықтардың, соның ішінде мас күйінде жасалатын құқыққа қайшы әрекеттердің алдын алу.