Қостанай облысында ер адам балалар алаңында жасөспірімді ұрып-соққан

Фото: Zakon.kz
Қостанай облысында ер адам балалар алаңында кәмелетке толмаған баланы ұрғаны үшін 100 сағат қоғамдық жұмысқа тартылды. Сонымен қатар сот оған алты ай бойы жәбірленушімен кездесуге әрекет жасауға тыйым салды, деп хабарлайды Zakon.kz.

2026 жылғы 10 қарашада соттың баспасөз қызметі хабарлағандай, қылмыстық істі Ұзынкөл аудандық соты қараған. Ер адам кәмелетке толмағанын біле тұра, оған қасақана дене жарақатын салғаны үшін кінәлі деп танылды.

Оқиға биыл қыркүйек айында Ұзынкөл ауданына қарасты Сатай ауылында болған.

"Балалар алаңында жеке бас араздығы салдарынан туындаған жанжал кезінде ол кәмелетке толмаған Г. есімді баланың сол жақ кеуде тұсын соғып, дене жарақатын салған. Соның салдарынан жәбірленуші физикалық ауырсыну сезінген", – делінген сот хабарламасында.

Соттағы жарыссөз барысында прокурор айыпталушыға қоғамдық жұмыс түріндегі жаза тағайындауды сұраған. Ал ер адам өз кінәсін толық мойындаған.

Жаза тағайындау кезінде сот айыпталушының бұған дейін қылмыстық теріс қылық жасамағанын, жасаған ісіне шын жүректен өкінетінін және кәмелетке толмаған балалары бар екенін ескерген. Жазаны ауырлататын мән-жайлар анықталмаған.

Сот шешімімен ер адам 100 сағат қоғамдық жұмысқа тартылды.

Бұдан бөлек, сот оның мінез-құлқына алты ай мерзімге ерекше талаптар белгіледі. Атап айтқанда, оған жәбірленушінің келісімінсіз оны іздеуге, аңдуға, баратын жерлеріне баруға, телефон соғуға, келіссөз жүргізуге және басқа да тәсілдермен байланыс орнатуға тыйым салынды.

Сондай-ақ сот ер адамнан жәбірленуші тараптың пайдасына моральдық және материалдық шығынды өндіріп алу туралы шешім шығарды.

Үкім заңды күшіне енді.

Бұған дейін Қостанайда түнгі жанжал төбелес пен 280 мың теңгенің ұрлануымен аяқталған еді. Қылмыс жасады деген күдікпен екі ер адам ұсталды.

Қазақстан
Қостанай

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Леопард пальтосы сәнге қайта оралды

Тоқаев: Қазақ тілін дамыту – еліміздегі өзге тілдердің дамуына кедергі келтіру емес

Тұрғын үй кешендерінің бірінші қабатындағы кафе мен мейрамханалар сот шешімімен жабылуы мүмкін

Кез келген тілге қарсы шығу – Жаратқанның адамға берген нығметіне қарсы шығумен бірдей – Президент

Шымкенттік спортшы Софья Берульцева "Парасат" орденімен марапатталды