Алматы полиция басқармасының экс-басшысының ісі қайта қаралып жатыр

Фото: Zakon.kz
Алматыда қалалық полиция басқармасы бастығының бұрынғы орынбасарына қатысты сот процесі қайта басталды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Белгілі болғандай жазда ол ұйымдасқан қылмыстық топқа қатысқаны және есірткі бизнесіне көмектескені үшін 18 жылға бас бостандығынан айырылған. Алайда сотталған азамат үкіммен келіспей, апелляциялық шағым түсірді.

КТК телеарнасының 2026 жылғы 11 қарашадағы мәліметінше, қорғау тарапы сот шешімімен келіспейді. Адвокаттардың айтуынша, сотталғандардың кейбірі бір-бірімен мүлде таныс болмаған.

Қорғаушылар істі қайта қарауға қол жеткізуді көздеп отыр.

"Бұл – өте ауыр айыптар. Мен ағамның кінәсіз екеніне толық сенімдімін. Мұны оның әпкесі ретінде ғана емес, қорғаушысы ретінде де мәлімдеймін. Біз қорғаушыларға табысталған үкімнің сәйкессіздігіне қатысты қарсылық білдірдік. Өйткені онда беттердің арасында сәйкессіздік бар", – деді сотталған азаматтың әпкесі Гүлнар Жетегенова.

Асқар Жетегеновке қатысты қылмыстық іс екі жыл бұрын қозғалған. Ол аттестаттаудан өте алмаған соң полиция қызметінен босатылып, кейін есірткі бизнесіне көмектесті деген күдікпен ұсталған.

Тамыз айында ер адам 18 жылға бас бостандығынан айырылды. Одан бөлек, ұйымдасқан қылмыстық топтың тағы 11 мүшесі сотталды.

Бұған дейін Шымкентте көлігінен есірткіге ұқсас зат табылған аудандық полиция басқармасының қызметкері ішкі істер органдарынан теріс себептермен жұмыстан шығарылған болатын.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Жылусыз, сусыз бірақ алтынға бай: әлемдегі ең биік қалаға адамдар неге ағылып жатыр

Алматы әкімдігі нөсерден кейінгі жағдайға түсініктеме берді

ІІМ электромобильдерге арналған мемлекеттік нөмір үлгілерін бекітті

Давид Лория әкесіне іздеу жарияланғаннан кейін мәлімдеме жасады

Құрылтай депутаты мен орталық мемлекеттік орган өкілдері БҚО-ға жұмыс сапарымен келді