Таңғы уақытта Nexia автокөлігін басқарған 24 жастағы жүргізушінің алкогольдік масаң күйде болғаны анықталды. Сонымен қатар ол жауапкершіліктен жалтару мақсатында көлік басқаруды басқа адамға бермек болған.
Алайда полиция қызметкерлері екінші азаматтың көлік тізгініне отыруына жол бермей, автокөлікті тоқтатты. Аталған дерек бойынша жүргізуші әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Сот шешімімен оған 15 тәулікке әкімшілік қамаққа алу жазасы тағайындалды.
Екінші құқық бұзушылық Шетпе ауылында тіркелді. Таңғы уақытта көлік құралын басқарған 19 жастағы, жүргізуші куәлігі жоқ азаматтың алкогольдік масаң күйде болғаны анықталды.
Аталған азамат та әкімшілік жауапкершілікке тартылып, сот шешімімен 20 тәулікке әкімшілік қамаққа алынды. Полиция департаменті жүргізушілерді жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтауға және көлік құралын алкогольдік масаң күйде басқаруға жол бермеуге шақырады.