Маңғыстауда мас күйде көлік басқарған екі жүргізуші ұсталды

Центр оперативного управления департамента полиции, сотрудники полиции, видеонаблюдение, полиция, полицейские, ЦОУ, сурет - Zakon.kz жаңалық 27.11.2026 15:03 Фото: Zakon.kz
Ақтау қаласы мен Шетпе ауылында алкогольдік масаң күйде көлік басқарған екі азамат анықталды. Алғашқы құқық бұзушылық Ақтау қаласының 20А шағын ауданында тіркелді.

Таңғы уақытта Nexia автокөлігін басқарған 24 жастағы жүргізушінің алкогольдік масаң күйде болғаны анықталды. Сонымен қатар ол жауапкершіліктен жалтару мақсатында көлік басқаруды басқа адамға бермек болған.

Алайда полиция қызметкерлері екінші азаматтың көлік тізгініне отыруына жол бермей, автокөлікті тоқтатты. Аталған дерек бойынша жүргізуші әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Сот шешімімен оған 15 тәулікке әкімшілік қамаққа алу жазасы тағайындалды.

Екінші құқық бұзушылық Шетпе ауылында тіркелді. Таңғы уақытта көлік құралын басқарған 19 жастағы, жүргізуші куәлігі жоқ азаматтың алкогольдік масаң күйде болғаны анықталды.

Аталған азамат та әкімшілік жауапкершілікке тартылып, сот шешімімен 20 тәулікке әкімшілік қамаққа алынды. Полиция департаменті жүргізушілерді жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтауға және көлік құралын алкогольдік масаң күйде басқаруға жол бермеуге шақырады.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: