Астана қаласы ПД баспасөз қызметі хабарлағандай, ұсталған үш қылмыскердің бірі Ресей Федерациясында іздеуде болған, 2022 жылы ол Мәскеу қаласындағы сауда үйінде ұрлық жасаған.
Бір тәулік ішінде 30 қылмыс тіркелді. Қабылдап-тарату орнына 14 азамат қамауға алынды, қаланың уақытша бейімдеу және интоксикациялау орталығына 58 адам орналастырылды, сондай-ақ өмірлік қиын жағдайға тап болған балаларды қолдау орталығына 1 кәмелетке толмаған орналастырылды. Учаскелік инспекторлар ішкі істер органдарында профилактикалық есепте тұрған 587 адамды тексерді. 546 тұрғын үй алабын аралау жүзеге асырылды.
Алдын алу іс-шарасы басталғаннан бері мыңға жуық әкімшілік құқық бұзушылық анықталды, оның ішінде 102 ұсақ бұзақылық фактісі, 61 тыныштықты бұзу, 166 алкогольдік ішімдіктерді ішу немесе қоғамдық орындарда мас күйінде болу фактісі тіркелді. Отбасылық-тұрмыстық қатынастар саласындағы құқыққа қайшы әрекеттері үшін 18 құқық бұзушы жауапкершілікке тартылды. Түнгі уақытта қоғамдық орындарда ересектердің еріп жүруінсіз болғаны үшін 21 кәмелетке толмаған ұсталды. Мас күйінде автокөлікті басқарғаны үшін 2 жүргізуші ұсталды, 202 жаяу жүргінші Жол қозғалысы ережесін бұзды.
Астана қаласының полиция департаменті елорда тұрғындары мен қонақтарынан жедел алдын алу іс-шарасын жүргізуге түсіністікпен қарауды және құқық бұзушылықтарды анықтауға атсалысуды сұрайды.