Алматы әуежайында импортына тыйым салынған әсері күшті препараттар тәркіленді

Сурет: Алматы қаласы бойынша МКК баспасөз қызметі
Алматы халықаралық әуежайынан адам денсаулығына зиян ірі көлемдегі препараттарды елден заңсыз әкетпекші болғандар ұсталды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Алматы қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің "Жетісу" кеден бекетінің лауазымды тұлғалары Алматы қаласы бойынша Экономикалық тергеу департаменті және ҚР ҰҚК Шекара қызметімен бірлесіп Алматы қаласы Авиациялық көлік прокуратурасының үйлестіруімен жүргізілген кедендік бақылау кезінде ҚР территориясынан адам денсаулығына зиянды препараттарды заңсыз әкету әрекетінің жолын кесті.


 "Анықталған салмағы 92,5 келі болатын 2 923 қаптама түріндегі дәрілік препараттар биологиялық белсенді қоспа болып саналады. Сонымен қатар, кедендік сараптаманың қорытындысы бойынша таблетка және ампула түріндегі биологиялық белсенді қоспалар ҚР аумағында экспорты мен импорты шектелген күшті анаболикалық стероидтер екені анықталды. Бұл дерек бойынша материалдар іс жүргізу шешімін қабылдау үшін Алматы қаласы бойынша Экономикалық тергеу департаментіне жолданды". Алматы қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің баспасөз қызметі
Алматы

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астана, Алматы, Шымкент қалалары бойынша алдағы бес күнге арналған ауа райы болжамы

ҚР Тәуелсіздігінің 35 жылдығы: Шымкентте "Ордабасы" командасының чемпиондығына орай салтанатты жиын өтті

"Мыжылып, адам қысылып қалды". Алматы маңында екі көлік бетпе-бет соқтығысты

"Қар аралас жаңбыр жауады". Еліміздің 16 өңірінде дауылды ескерту жарияланды

Бүгін еліміздің алты қаласында ауа сапасы нашарлайтыны ескертіледі