Қостанай облысында балалар лагерінде санитарлық нормалар сақталмағаны анықталды

Бас Прокурордың тапсырмасы бойынша ағымдағы жылдың 24 шілдесінен бастап облыс прокуратурасы уәкілетті мемлекеттік органдарды тарта отырып, облыстың барлық балалар лагерлерінің қызметіне кешенді тексерулер жүргізуде, деп хабарлайды Zakon.kz.

Өңір прокуратурасы баспасөз қызметінің хабарлауынша, облыс аумағында барлығы 11 балалар лагері орналасқан, оның ішінде тоғызы - мемлекеттік, екеуі - жекеменшік.

"Алдын ала тексеру нәтижелері санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылық пен өртке қарсы қауіпсіздік талаптарын қоса алғанда, көптеген бұзушылықтарды анықтады. Сонымен қатар, 2 тамызда Денисов ауданының прокуратурасы "Солнечный" балалар лагерінің аумағында бильярд үстелі мен саунасы бар демалыс бөлмесін анықтады". Қостанай облысының прокуратурасы

Облыс прокуратурасы ағымдағы жылдың 8 тамызында БАҚ-дарын тарта отырып, "Солнечный" және "Алый парус" (Лисаков қаласы) балалар сауықтыру лагерлеріне барып қарауды ұйымдастырды.

"Солнечный" лагерін тексеру барысында сауна мен бильярд үстелі бар бөлме бөлшектелгені анықталды.


"Қызыл желкен" балалар лагерінің қызметінде санитарлық нормалар мен өртке қарсы қауіпсіздік ережелерін бұзу жайлары анықталды", делінген хабарламада.

Тексеру жалғасуда, барлық анықталған бұзушылықтар бойынша тиісті шаралар қабылданатын болады.

 

Қостанай
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз: