Рудныйда жаппай астан уланған студенттер оқиғасына қатысты сот үкімі шықты

Сурет: Zakon.kz
Өткен жылдың 20 сәуірінде Рудный тау-кен технологиялық колледжінде 14 студент тамақтан уланған. 2023 жылдың 7 тамызында сот колледждің асханасын жалға алған "S-Salto" ЖШС басшысына қатысты үкім шығарды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Осы факт бойынша прокуратураның қадағалауымен сотқа дейінгі тергеу жүргізілді, оның барысында "S-Salta" ЖШС басшысы С.А. Шугубаева қабылданған міндеттемелерді елемей, санитарлық нормалардың бұзылуына жол беріп, жаппай улануға әкеп соқтырғаны анықталды.

Бұдан басқа, "S-Salta" ЖШС басшысының көрінеу жалған құжаттарды, атап айтқанда медициналық тексеруден өту туралы жеке медициналық кітапшаларды заңсыз пайдалануға қатысы бар екені анықталды.

Рудный қаласының прокуратурасы тергеу аяқталғаннан кейін қылмыстық істі сотқа жіберіп, мемлекеттік айыптауды қолдады.


"2023 жылғы 7 тамызда сот үкімімен С.А. Шугубаева жалған құжаттарды пайдаланғаны және санитарлық ережелерді бұзғаны үшін кінәлі деп танылды және 3 жыл мерзімге белгілі бір қызметпен айналысуға тыйым сала отырып, 2 жылға бас бостандығын шектеуге үкім шығарылды". Қостанай облысының прокуратурасы

Үкім заңды күшіне енген жоқ.

 

Қостанай

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қасым-Жомарт Тоқаев Түркістан облысындағы қайғылы жағдайға қатысты көңіл айтты

Қасым-Жомарт Тоқаев 2025 жылды Жұмысшы мамандықтары жылы деп жариялады

Түркістан облысында болған өрттен 12 адам қаза тапты

Елордалық фельдшер, марқұм Ұлдана Мырзуан "Ерлігі үшін" медалімен марапатталды

Ақмарал Әлназарова қызмет бабында қаза тапқан Ұлдана Мырзуанның отбасына көңіл айтты