Астанада полицейлер сегізінші қабаттан секірмек болған ер адамды құтқарып қалды

Сурет: видеодан алынды
"102" шұғыл байланыс желісіне көпқабатты тұрғын үйлердің бірінің 8-қабаттағы пәтер терезесінен белгісіз азаматтың секіргелі жатқаны туралы ақпарат келіп түскен. Оқиға орнына полиция капитаны Асылхан Молдағалиев пен аға лейтенант Қуат Сембеков аттанды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Полицейлер оқиға орнына келіп жеткенде ер адам балконның терезесінен қос қолымен ұстап салбырап тұрған.Тәртіп сақшылары 8-қабатқа жалма-жан көтеріліп, жедел жәрдем қызметкерлерімен бірге ер адамды ұстап қалып, ішке тартып кіргізген. Дегенмен мас ер адам қатты айқайлап, өзін босатуды сұраған.

"Біз экипаж мүшелерімен бірге оқиға орнына жедел жетіп, балконда салбырап, төменге секіргелі тұрған ер адамды көрдік. Санаулы секундтарда жоғары көтеріліп, оны қолынан ұстап, пәтерге сүйреп кіргізіп алдық", - дейді Асылхан Молдағалиев.

Ер адамға медициналық және психологиялық көмек көрсетілді. Полицейлер 28 жастағы жігіттің мұндай жағдайға баруына не түрткі болғанын анықтауда. Онымен профилактикалық әңгіме жүргізілді.


Астана

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстандық музыкант Сеул сахнасын бағындырды

Оралды қалың қара түтін басып, аспаннан күл "жауды" - видео

"Өрт қаупі жоғары". Еліміздің барлық дерлік өңірінде дауылды ескерту жарияланды

"Үздік педагог" атағын беру тәртібі: не өзгерді

Ресейде жаңа заң қабылданды: еңбек мигранттарының балалары 18 жасқа толған соң елден кетуі тиіс