Қазақстанда базар иелеріне модернизация жасау міндеттелді

Сурет: Zakon.kz/Павел Михеев
Сауда және интеграция министрінің 2023 жылғы 13 қарашадағы бұйрығымен Ішкі сауда ережелеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізілді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Атап айтқанда, "ішкі сауда" ұғымының өзі нақтыланған – бұл Қазақстан Республикасының аумағында тауарларды сатып алу және сатуға бағытталған жеке және заңды тұлғалардың кәсіптік қызметі.

Сонымен қатар қағидалар сауда нарығының иесі оны "Азаматтық, өндірістік ғимараттар мен құрылыстарды реконструкциялау, күрделі және қазіргі жөндеу" Қазақстан Республикасының Құрылыс кодексінде белгіленген талаптарға сай жаңғыртуды жүзеге асыруға міндетті деген тармақпен толықты".

Бұл ретте, бөлшек сауда нарығын жаңғырту (құрылыс-монтаждау жұмыстары, қолданыстағы ғимаратты қайта жоспарлау, реконструкциялау немесе аумақтың қолданыстағы шекарасында жаңа ғимарат салу арқылы объектіні пайдалану) жылжымалы дүкендерді қоспағанда, стационарлық немесе стационарлық емес бөлшек сауда объектілерінің жұмыс көрсеткіштерін қазіргі заманғы талаптар мен технологияларға сай келтіруге бағытталған шаралар кешені екені көрсетілген.

Сонымен бірге ережелерде өнімнің (жұмыстың, қызметтің) сапасы – бұл өнімнің (жұмыстың, қызметтің) тұтынушылардың қажетін қанағаттандыру қабілетіне байланысты сипаттамаларының жиынтығы екені айтылады.

Бұйрық 2023 жылғы 26 қарашада күшіне енеді.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

31 қазанда Астана мен Алматыдағы ақша айырбастау орындарындағы валюта бағамы

Тоқаев "Халықтық құрылыс" бағдарламасына бөлінген қаражатты бақылауды тапсырды

1 қарашада қай өңірлерде қолайсыз ауа райына байланысты ескерту жасалды

Асыл Айтақын күрестен әлем чемпионатында қола жүлдеге бір қадам жетпей қалды

Алғашқы финал: Нұрқожа Қайпанов күрестен әлем чемпионатының алтын медалі үшін бақ сынайды