Астанада марафоншы Марат Жыланбаевқа қатысты сот үкімі шықты

Сурет: Facebook/marat.zhilanbaev
2023 жылы 29 қарашада Астана қаласының қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық соты елімізде тыйым салған экстремистік ұйымды қаржыландырғаны, сондай-ақ оның қызметіне қатысқаны үшін Марат Жыланбаевқа қатысты үкім шығарды, деп хабарлайды Zakon.kz.
"Сотталушы ҚР аумағында тыйым салынған "Қазақстанның демократиялық таңдауы" экстремистік ұйымының (ҚДТ) жақтаушысы бола отырып, ҚДТ көшбасшысымен және оның шетелдік штабымен байланыста болып, олардан ҚР конституциялық құрылымын күштеп өзгерту мақсатын көздейтін тапсырмалар мен нұсқаулар алған. Атап айтқанда, ол шетелде жасырынып жүрген "ҚДТ" штабының үйлестірушісімен алдын ала сөз байласып, экстремистік қызметті жүзеге асыру үшін пайдаланылатынын біле тұра, қаржылық, ақпараттық және өзге де қызметтерді ұйымдастырған", делінген елордалық соттың хабарламасында.

Сотталушының кінәсі куәгерлердің айғақтарымен, сарапшылардың қорытындыларымен, заттай дәлелдемелермен және қылмыстық істің басқа да материалдарымен толық дәлелденді.

Сот үкімімен Жыланбаев ҚР ҚК-нің 258-бабы 2-бөлігінде және 405-бабының 2-бөлігі бойынша қылмыс жасағаны үшін кінәлі деп танылды және қылмыстық құқық бұзушылықтар жиынтығы бойынша 7 жылға бас бостандығынан айырылды. Сонымен қатар, қоғамдық-саяси қызметпен, оның ішінде бұқаралық ақпарат құралдары мен телекоммуникация желілерін пайдалану құқығынан 3 жыл мерзімге айырылды.

Сот жас баланың болуын және сотталушының бұрын-соңды сотталмағанын қылмыстық жауаптылық пен жазаны жеңілдететін мән-жай ретінде таныды.Ауырлататын мән-жайлар анықталмады.

Үкім заңды күшіне енген жоқ.

Астана

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қасым-Жомарт Тоқаев Түркістан облысындағы қайғылы жағдайға қатысты көңіл айтты

Қасым-Жомарт Тоқаев 2025 жылды Жұмысшы мамандықтары жылы деп жариялады

Түркістан облысында болған өрттен 12 адам қаза тапты

Елордалық фельдшер, марқұм Ұлдана Мырзуан "Ерлігі үшін" медалімен марапатталды

Ақмарал Әлназарова қызмет бабында қаза тапқан Ұлдана Мырзуанның отбасына көңіл айтты