Астанада пробация қызметінің есебіндегі сотталушы пара беремін деп айыппұл арқалады

Сурет: Zakon.kz
Пробация қызметінің есебінде тұрған сотталушы 2023 жылдың наурыз айында инспекторға ақша аударған, ол өз кезегінде бұл фактіні дереу Астана қаласы бойынша ҚАЖ департаментінің басшылығына жеткізген, деп хабарлайды Zakon.kz.

Елорданың  өзіндік қауіпсіздік тобы мен сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет қызметкерлері аталған факті бойынша қызметтік тексеру жүргізді.

"Оның нәтижесі бойынша пробация қызметінде есепте тұрған азамат әкімшілік жауапкершілікке тартылды, яғни 200 АЕК айлық көлемінде айыппұл салынды", делінген хабарламада.

Заң бойынша мемлекеттік қызметшілердің, жауапты лауазымдарды атқаратын адамдардың, сондай-ақ олардың отбасы мүшелерінің материалдық сыйақы, сыйлықтар немесе қызметтерді қабылдауына тыйым салынады.


"Әрбір қызметкер өзінің мінсіздігі тексеріліп жатқанын біледі, сондықтан олар барлық сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар туралы жеке қауіпсіздік қызметіне дереу хабарлайды", - деді Астана қаласы қылмыстық-атқару департаментінің басшысы Дәулет Рақымбеков.
Астана

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды